«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандылық кәсіпкерлерге өндірістік бақылау мен санитарлық тазалық туралы ақпарат берілді

2018 жылғы 08 Маусым
5099 просмотров

Қарағанды облысының  кәсіпкерлер палатасында «Ұлттық сараптама орталығының» жетекші мамандары кәсіпкерлерге өндірістік бақылау мен санитарлық тазалықтың маңыздылығын айтты.

 Кездесудің басты мақсаты – өндірушілермен тиімді диалог орнату, өзекті мәселелерді шешу және компаниялармен ынтымақтастық орнату. Облыстың барлық өңірлерінің кәсіпкерлері жиынға қатысты. 

 Қарағанды облысы бойынша Ұлттық сараптама ортылығының директоры Гүлжаһан Байжабағинова орталық облыс көлемінде 10 жыл бойы жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Қызмет көрсету ауқымы жылдан жылға артып келеді.

 Ұлттық сараптама ортылығының жұмысымен танысуға шағын және орта бизнестің 20 кәсіпкері, сонымен қатар Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының өкілдері, ірі компаниялардың қызметкерлері келді.

Жиын барысында мамандар қонақтарды зертхана жұмысымен таныстырды. Олар сондай-ақ филиал жүзеге асыратын бірқатар қызметтерді ұсынды, сонымен қатар инфекциялық және паразиттік ауруларды зертханалық диагностикалау, тауарларды, қызметтерді сараптауға қатысты мәселелерді талқылады. Атап айтқанда жеке тұлғаларға:  клиникалық-зертханалық тексеру, медицианлық тексеру, гигиеналық оқыту, желдету және ауа жүйелерін тазалау; заңды тұлғаларға: өндірісітік бақылау, жұмыс орындарын аттестациялау, залалсыздандыру бойынша қызмет көрсету,  дезинфекция, дезинсекция және дератизациялау қызметтері, гигиеналық оқыту барысы таныстырылды.

 Кәсіпкерлер, өз кезегінде, компанияның жұмысы туралы, оның қызметтері, одан әрі даму және ынтымақтастық жоспарлары туралы пайдалы және қажетті ақпаратты алды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер