«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысында Сатып алушылар клубы құрылды

2018 жылғы 14 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
7804 просмотров

Клубтың бірінші отырысы сатып алулар негізігі, мемлекеттік сатып алулар веб-порталында тіркелу, мемлекеттік сатып алуаларды жүзеге асыру әдістерін талқылауға арналды.

 Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы Сатып алушылар клубының алғашқы жиыны өтті. Енді кез келген кәсіпкер клуб аясында өзінің біліуктілігін арттырып, жұмысының тиімдігіні жоғарылата алады. Сатып алышулар кездесуінде Қарағанды облысы ӨКП Жобаларды сүйемелдеу бөлімінің бастығы Байкен Өміртаев сатып алуларда тіркелу, маңызды тұжырымдамалар, қағидалар, байқаулар және маңызды құжаттың жұмысы туралы әңгімеледі.

«Клуб кездесулерінде мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін тауар, жұмыс қызмет сатып алуларын регламенттеуші қолданыстағы заңнама мәселелері, сатып алу процедураларын жүргізу жүйесі, сатып алу процедураларын ұйымдастыру, өткізу және қатысу, шартты орындау, бұзу және ШОБ-тың сатып алуға қатысу тәжірибесі талқыланады. Алғашқы жиында кәсіпкерлерге сатып алу порталы қалай жұмыс істейтіні жайында ақпарат берілді. Мемлекеттік сатып алуды өткізуді бақылау және мониторигі, тізілім, камералық байқлау туралы айтылды», – деді Байкен Өміртаев.  

 Алдағы уақытта клуб жиындары түрлі форматтарды өтетін болады. Мұнда дәрістер, пікір-таластар, іскерлік ойындар мен ой-талқылар ұйымдастырылады. Бұл сатып алу және жеткізу саласындағы, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асырумен тікелей айналысатын салалардағы мамандардың кәсіби бірлестігі.

Жиындар айына бір рет өтеді. Қатысу тегін. Келесі кездесулерде білікті сарапшыларды тарту, тендерлеге қатысуды түсіндіру жұмыстары көзделген.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер