«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Владимир Крючков: «Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында мен өмірден баз кешіп кетпедім!»

2016 жылғы 30 Маусым
- Қарағанды облысы
14798 просмотров

Тіпті айыптаушының куәлары да Крючковты қорғап сөйлеуде

Қарағандылық кәсіпкер Владимир Крючковтың ісі өңірдегі бизнес-қауымдастықты таң қалдырып, ызасын келтіруде. Түрлі ауқымдағы бизнес иелері бірінші сот сатысы айыптау үкімін шығарса да, әріптестері үшін соңына дейін күресуге дайын.

Естеріңізге сала кетсек, 20 маусым күні «Сантехпром» компаниясының құрылтайшысы, «Табиғат XXI» ЖШС иегері Владимиром Крючковтың соты болып, 2014 жылдың көктемінде болған Көкпекті ауылындағы қайғылы жағдай үшін кәсіпкерді 3 жылға түрмеге жабу туралы айыптау үкімі шығарылған еді. Екі жыл бұрын, онда бөгет жарылғанда, 5 адам қайтыс болып, 50 үй түгелдей қираған. Облыс кәсіпкерлерінің Крючковқа қатысты тергеу мен соттың әділдігін қамтамасыз ету туралы өтініштеріне қарамастан, олардың пікірінше, әділетсіз үкім шығарылған.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің мүшесі Андрей Витик өзге де көптеген бизнесмендер секілді мұның дайын бизнеске иелік етуге деген талпыныс екеніне бек сенімді.

«Шығынның орнын толтыру қажет екенін түсінемін. Крючковта активтер бар екені, оның қалталы адам екені, одан өндіріп алып, шығынның орнын жабуға боларлықтай қаражаты бар екені түсінікті. Барлық кінәні бизнесменге жабуға тіпті қарсымын. Материалдар сотқа ұсынылды. Бірақ шенеуніктер тағы да сүттен ақ, судан таза шығып кетті», – деді ол.

Өңірлік палата кеңсесіне ел Президентінің атына үндеу дайындауға жиналған кәсіпкерлердің барлығы шенеуніктердің немқұрайлығына наразы.

«Прокуратураның кейін сот қолдаған барлық дәлелдері ешқандай негізделмеген және ештеңемен расталмаған. Біздің үндеуіміз – болған жағдайға елдің жоғарғы басшысының назарын аударуға талпыну. Бізде бизнес жүргізу қауіпсіз емес. Күш біріктіріп бір нәрсеге қол жеткіземіз. Егер бізді прокуратура қорғамаса, басқа органдар туралы не деуге болады? Жоғарғы қадағалау біздің жағымызда болуы керек», – деп пікір білдірді Қарағанды кәсіпкерлер қауымдастығының директоры Гүлнара Құрбанбаева.

Крючковтың жағдайы бизнестің сот жүйесіне сенімсіздігіне айналуы мүмкін, деп есептейді «Углепромтранссервис» ЖШС басшысы Сергей Филатов.

«Бұл жай ғана біздің сот органдарымыздың, прокуратурамыздың, төтенші жағдайлар жөніндегі қызметкерлеріміздің біліксіздігі. Ол ап-айқын, және ешқандай сын көтермейді! Бұл не деген сұмдық? Бұл екі жылға созылды, ал сот болса прокурордың айыптау қорытындысын оқып бере салды. Онда мынандай сөйлемді құлағым шалды: ол жақта суды күзде ағызып жіберу керек, ал «пайдакүнем» Крючков ағызбады және тағы сол сияқты. Ал пайдакүнем емес төтенше жағдайлар қызметі қайда болды, солар неге келіп суды ағызып жібермеді? Үндеуде біздің сот жүйеміздің біліксіздігін айқын көрсетуіміз керек», – деп мәлімдеді кәсіпкер.

Өңірлік кеңестің тағы бір мүшесі Николай Абт сот жүйесін реформалауға шақырып отыр.

«Ішкі түйсікті» басшылыққа алуға тыйым салып, соттарды заң бойынша ғана соттауға мәжбүрлеу қажет. Жекеменшкке берілуі мүмкін емес бөгетті «ішкі түйсікпен» біреудің жекеменшігіне телуге болмайды», – деп атап өтті Н.Абт.

Мұнда сөз ҚР Президентінің алуға жатпайтын нысандардың тізімін бекіту туралы Бұйрығы туралы болып тұр. Онда гидротехникалық құрылысты жекешелендіруге тыйым салынған. Дәл осы құжаттың негізінде 2007 жылы Крючковқа оны жекешелендіруге жол берілмеген. Ол кезде кәсіпкер бөгетті қайта құрылымдауға өз қаражатын салуға ниет білдірген еді. Бұл бас тарту қылмыстық іс материалдарының арасында болса да, сот айыптау үкімін шығарды. Николай Абт ол жайлы қысқаша әңгімелеп өтті.

«Табиғат қорғау заңы бар. Біраз бұрын Крючков тендер ұтып алды. Соған сәйкес оған «Көкпекті бөгеті» деп аталатын су қоймасы жалға берілді. Мен топшылағандай, тергеу істі осы «Көкпекті бөгеті» деген атауға құрған екен, құдды бір оған бөгетті де гидротехникалық құрылысты да бергендей. Осы арқылы егер ол меншік иесі болса, оған міндеттелетін көптеген дүниелер пайда болады. Алайда ол ешқашан меншік иесі болған емес. Ал тергеу оны кінәлі деп қысымға алса, оны меншік иесі атандыруды ойластырған, баптар ойлап тапқан. Неге «адам өлтіру» бабы бойынша айыптамады? 5 адам қайтыс болды ғой. Алайда «адам өлтіру» бойынша айыптай алмайды, өйткені себеп-салдарлық байланыс жоқ. Соңында түрлі дүниені ойлап тапты, салдарында ешкім түсініп болмайтын бір қылмыстық іс пайда бола қалды».

Айта кетерлігі, қайтыс болғандардың бірі бөгет жарылғанға дейін 6 (!) жыл бұрын дүниеден қайтып кеткен екен. Бұл туралы сот барысында туыстарының өздері мәлім етті, алайда сот мұны назарға алмады.

Бөгеттің апатты жағдайда екенін ауыл тұрғындары да білген, олардың өздері Владимиру Крючковқа өтініш білдіріп, ол өз кезегінде жедел түрде бөгетті тексеруге бастама көтерген. Шаруашылыққа мемлекеттік органдардан мамандар барып, 2007 жылы-ақ бөгеттің апатты жағдайда екендігі және жарылуы мүмкін екендігі туралы шешім шығарған. Кәсіпкерлер көп жылдан бері төніп тұрған қауіп туралы біле тұра, ешбір шешім қабылдамаған шенеуніктердің енжарлығына ызалануда. Түрлі инстанцияларға – прокуратураға, әкімдіктерге, ТЖ департаментіне отыз алты хат жолданды. 36 беттен тұратын қылмыстық істе Крючковпен табиғатты пайдалану туралы шарт жасасқан орган басшысының берген түсінігі бар: «Біз бөгетті емес, су қоймасын ғана бердік. Бөгет бізге тиесілі болмағандықтан, біз оны бере алмадық». Н.Абт түсіндіріп өткендей, «заңда табиғатты пайдаланушы ол жерден су ала алмайды, ол тек қана балық өсіріп, оны аулауға ғана құқылы».

«Құрылысқа ешқандай құқығы жоқ. Ал сот В.Крючковты бөгеттің иесіне теліген. Облыс әкімінің су қоймаларын табиғатты пайдаланушыларға бөліп беру туралы шешімінде оған «Көкпекті бөгеті» бөлінгендігі жазылған. Ал бұл су «табағы» деген атау ғана», – деп ашуланды өңірлік кеңес мүшесі. Ол айыптаушының куәлараның да В.Крючковты қорғап отырғандығын айтты.

Кәсіпкерлер палатасы директоры орынбасары Геннадий Жмуктың айтуынша, бұл жағдай «өңірдегі бизнестің даму болашағына қауіп төндіреді».

«Аталған іс бойынша шығарылған бірінші инстанцияның үкімін бизнес-қауымдастық түсінбеуде және бұл әділетсіздік олардың ызасын келтіруде. Біз бұдан ары қарай да жоғары тұрған органдардан аумақтық орган өкілдері әрекеттеріне құқықтық баға беруге және жіберілген құқық бұзушылықтар бойынша тексеру жүргізуге қол жеткізбекпіз», – деп мәлімдеді ол.

Облыстың бизнес-қауымдастығы да қолдау білдірді.

«Мен – құрылысшылар қауымдастығының директоры және Қазақстан кәсіпкерлер қауымдастығының директоры Ермек Әбілдин, сондай-ақ Іскерлер қауымдастығы, барлығымыз Владимира Алексейұлын қолдаймыз. Оған қоса, әділетсіз шешімге наразылығымызды білдіреміз, біздің пікірімізше, жағдай барлық сот жүйесіне деген сенімсіздікке әкелуі мүмкін. Біз жеке үндеу жазуға да, жалпы үндеуге қол қоюға да дайынбыз», – деп мәлімдеді Найля Қайырбекова.

Владимир Крючков барлық әріптестері мен қоғамдастықтарға алғысын білдіріп, бәрінен бұрын 20 жыл бойы дамытқан кәсіпорны үшін алаңдайтынын атап өтті.

«Біз процеске кірген кезде, мен сотқа тартыламын деп ойлаған жоқпын. Біз жеті ай бойы сотта болдық, 45 күн сот кеңес бөлмесінде болды. Қағаз бойынша көріп отырғаным, яғни менің айыпталушы екенім – менің жеке трагедиям. Сіздердің қолдауларыңыздың, жиі жиналып, маған күн сайын қоңырау шалып тұруларыңыздың, сіздерден қолдау білдірген хабарламалар алуымның арқасында бұл сәтте мойымаймын. Мен тіршілік етіп қана жүрген жоқпын, мен өмір сүріп жүрмін, күресудемін!», – деп ағынан жарылды ол.

Оның айтуынша, кәсіпорын дұрыс жұмыс істеп тұрғанда, адамдар еңбекақысын алып тұрмақ.

«Айыптау туралы сөз қозғалғанда, мен ең алдымен зауытымның тағдырына бола алаңдаймын. 20 жыл бұрын қызметімді бастағам, бүгінде ол тұрақты әрі жоспарды өндіріс, көптеген шетелдерге тұрақты түрде өнімдер жөнелтіліп тұрады, тұрақты түрде қомақты салықтар төленіп тұрады. Енді бір сәтте алып кәсіпорынның «күлін көкке ұшыру», мыңдаған адамдарды далада қалдыру – қайғылы, соған қынжыламын», – деп сөзін жалғады кәсіпкер.

Өңірлік кеңес пен өңірдің барлық кәсіпкерлері жақын күндері Президенттің атына В.Крючковты қолдап, сот органдары тарапынан заңсыздыққа жол бермеу туралы өтінішпен қол қойып, үндеу жолдамақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер