«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды алыптары отандық тауар өндірушілерді қолдайды

2018 жылғы 16 Ақпан
- Қарағанды облысы
6300 просмотров

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «Қазақмыс Коропрациясы» ЖШС-нан тауарлар мен қызмет сатып алу жоспарында импортты алмастыру көлемін ұлғайту ойластырылған

13 ақпанда импортты алмастыру мәселесінде жергілікті қамту үлесін арттыру мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы Қарағанды облысындағы жүйені қалыптастыратын кәсіпорындармен, отандық тауар өндірушілердің қатысуымен жиын өткізді.

Кездесу барысында 2018 жылы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «Қазақмыс Коропрациясы» ЖШС-ның тауар, жұмыс, қызметін сатып алу жоспары талқыланды. Мұнымен қоса, Өнеркәсіп басқарамасы ипорт алмастыру мүмкіндігі, сондай-ақ сатып алуға кәсіпкерлерді қатыстыру қарастырылған 23 ұлттық компанияның тізімін берді.

«Мысалға айтар болсам, болт өндірушілердің тізі бар. Жүйе арқылы біз өтінім береміз, одан соң осы тізімде бар өндірушілерге қтінім түседі. Ал менің қазір импорттап жеткізіп отырғанымды Қазақстандағы өндірушілер жасай алмайды. Елімізде өз жұмысын жақса атқарған компанияларда болған. бірақ қазір олар жоқ. Тізімде сондай компаниялар болса, жұмыс істеуге дайынбыз», – деп нақтылады «АрселорМиттал Теміртау» АҚ «Қазақстандік үлес» бағдарламасын үйлестіру және дамыту жөніндегі менеджер.

Сондай-ақ ол өнім сызбасын дайындау оңай емес, ынтасы барлар алдымен келіп көріп, одан кейін іске кіріскендері жөн екенін де айтты.

Машина жасау комитетінің төрағасы Геннадий Копьяк өз кезегінде жұмыс тобын құрып, компаниялармен таныстырып, игеретін детальдармен танысуды ұсынды.

«Сатып алулардан қалыс қалмаймыз. Біз жұмыс істейтін және бас тартатын позициялар бар. Таяуда ғана сатып алуларға толықтай қатысуға мүмкінідк беретін және қажетті талапқа сай болатын цехымды салып біттім», – деді «Іңкәр–1» ЖШС қуандық Нұрпейісов.

Алпауыт компаниялардың өздері сатып алуларда импорттың үлесі ауқымды екенін растап отыр.

«Қазіргі таңда шетелдік тауарды сатып отырған жағдайымыз бар, себебі цехты дамыту үшін аз қаражат салмадық. Қазіргі таңда импортталатын тауарлар тізімін дайындап жатырмыз жақын арада тізімді Палатаға жолдаймыз», – деп түсіндірді «Қазақмыс Коропрациясы» ЖШС отандық үлес бөлімінің басшысы Жанат Құшанов.

Жиын соңында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ мен «Қазақмыс Коропрациясы» ЖШС әлеуетті жеткізушілермен кездесу ұйымдастыратыны шешілді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер