«ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК ТАУАРЫ» көрме-байқауына қатысуға өтінім қабылдау жүруде
Қызылорда облысында «Қазақстанның үздік тауары – 2025» көрме-байқауының өңірлік кезеңіне қатысуға өтінім қабылдау жүруде. Байқаудың ұйымдастырушысы – Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы.
Бұл іс-шара отандық өндірісті дамытуға, өнім сапасын арттыруға және қазақстандық өндірушілердің нарықтағы позициясын нығайтуға бағытталған.
Байқаудың мақсаттары мен артықшылықтары:
Отандық тауар өндірушілерді қолдау;
Өнім сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
Үздік қазақстандық тауарларды ішкі және сыртқы нарықта ілгерілету.
Байқауға қатысу – тегін.
Байқау номинациялары:
-Үздік азық-түлік тауарлары – тамақ өнімдері, сусындар, ауыл шаруашылығы өнімдері;
-Халыққа арналған үздік тауарлар – киім-кешек, аяқ киім, тұрмыстық техника, жиһаз, тұрмыстық заттар;
-Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар – жабдықтар, құрылыс материалдары, шикізат және құрамдас бөліктер.
Қатысу шарттары:
Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауар өндіру және қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (қару-жарақ пен әскери техника өндірушілерден басқа) қатыса алады.
Өтінім беру
Байқауға қатысу және қосымша ақпарат алу үшін келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 747 282 56 88 (Асылхан)
Пікір қалдыру:
Пікірлер: