«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандылық дизайнерлерді «ALTYN OIMAQ» Ұлттық байқауына қатысуға шақырады

2019 жылғы 02 Сәуір
- Қарағанды облысы
3611 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Қарағанды облысы Жеңіл өнеркәсіп және дизайнерлер комитетінің мүшелері байқауға қатысу шарттарын түсіндіру бойынша іс-шара ұйымдастырды.

«ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлттық байқауын «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қоры» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

 Байқау киім және әшекейлердің ұлттық брендтерін қалыптастыру және насихаттау, жаңа есімдер мен брендтерді тану және қолдау, сұранысты ынталандыру және елдегі жеңіл өнеркәсіпті дамыту, сонымен қатар киім өндірушілер және дизайнерлер арасында жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында диалог пен ынтымақтастықтың кәсіби алаңын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

 

«Байқауға қатысу оңай. Әйел кәсіпкерлігін қолдау қоры сайтына кіріп, ары қарай байқау парақшасына өту қажет. Онда қатысушы байқауға қатыса алатын 6 аталым – ұлттық ою-өрнекпен көмкерілген іскерлік киім, спорт киімі, үй текстилі, әшекей, спорт аяқ киімі көрсетілген. Үміткерден керегі – өтінімді толтыру, жеке деректерді енгізу, шығармашылығыңыз жайында қысқа бейнеролик жасау қажет, сонымен қатар эскиздер мен дайын бұйымдардың фотосуреттері керек», – деді «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлттық байқау Жобасының жетекшісі Диана Ботаева.

Креативті индустриялар қауымдастығының жетекшісі Ирина Нечаева байқауға қатысушыларды шығаруды көздеп отыр, сонымен қатар Ирина Нечаева өңірімізде жеңіл өнеркәсіп саласы қалай дамып жатқаны туралы ақпарат берді.

«Әркім өзінің шығармашылығын көрсетсе, қызықты болады, өйткені бізде талантты дизайнерлер көп. Байқауға қарағандылықтар ғана емес, өңір және жекелеген аудандардың тұрғындары да зор ынтаны танытуда. Қарағанды өңірі дизайнерлерінде ерекше мақамы бар, бізде киізден бастап көмірге дейін түрлі материалдарды қолданады. Өздері тігеді, іздейді, сурет салады, сатады, тіпті өздері геологта болып отыр. Шынтуайтында, ұлттық брендті көтеру, жұмыстарды танымал ету, клиенттер базасын өсіру, серіктестерді іздеу, шабыт шақыру маңызды», – деді Қауымдастықтың төрайымы Ирина Нечаева.

Киім дизайнерлерінің ұлттық байқауына қатысуға танымал дизайнер-модельер, «Нэтти» салон-ательенің иесі Наталья Гатауллина ынта білдірді.  Наталья Гатауллина осыдан 23 жыл бұрын Қарағандыда Сән колледжін бітірген. Оның мамандығы технолог-модельер-конструктор. Колледж аяқтаған соң шебер ательелерде жұмыс істеді, үйден тапсырысқа тікті және 15 жыл бұрын кәсібін ашты.

«Отандық өндірушілермен импортты толық алмастыру қажет деп санамаймын. Біріншіден, адал бәсекелестік – өсудің басты стимулы. Екіншіден, жақсы сападағы импорт тауарлары арқылы біз өнімді өңдеу әдістері, жаңа маталар, дизайн, фурнитура жайында ақпарат аламыз. Бұл жоғары сападағы импортқа қатысты. «ALTYN OIMAQ» байқауына міндетті түрде қатысамын. Екі жыл бұрын топтама жасауға құлшыныс туды, алайда аяқталмай қалды. Енді бәрін аяқтап, байқауға әзірлеуге бекініп тұрмын», – деді Наталья Гатауллина.

Облыстың қолөнер шеберлері де байқауға қатыспақ. Олардың ішінде Ольга Целлер бар. Қарағандылық қолөнер шебері Ольга Целлердің көмірмен нақышталған зергерлік бұйымдары шахтерлар қаласының мақтанышы. Шебер өзі әзірлемелерінде табиғи тастар мен көмір кесектерін пайдаланады.

«Бастапқыда әшекейлерді өзіме және құрбыларыма дайындадым, кейін шайыр негізінде табиғи гүлдерден әшекей әзірлеу технологиясын игердім. Ермек үлкен іске ұласты. Топтама дайындап, өзіндік стильді қалыптастырғым келеді. Көмір – әшекей тасынан екі есе жеңіл. Бірақ бұл нәзік субстанция, әлсіз соққының өзінде үгітіліп кетеді. Әзірлемелерге 7-10 күг жұмсаймын», – дейді Ольга Целлер.

Байқау үш кезеңде өтеді: өтінімдерді қабылдау, онлайн дауыс беру және Бас жүлдені алуға лауреатты анықтау. Өтінімдер 4 наурыздан мамырға дейін, сонымен қатар маусымнан қыркүйекке дейін қабылданады. Өтінімдер келесі критерийлер бойынша қаралады: жұмыстың аталым тақырыптамасына сай келуі, дизайнның бірегейлігі мен ыңғайлылығы, коммерциялық перспектива. Қоғамдық онлайн дауыс беру осы интернет-ресурста қараша айында өтеді. Соның нәтижесінде ең көп дауыс жинаған алты жеңімпаз – байқау лауреаттарының есімдері белгілі болады. Алғашқы үміткерлердің есімдері Жеңіл өнеркәсіп форумында жарияланады. Форум елордада маусым айында өтеді. Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 25 желтоқсанда өтеді.

«Атамекен» ҰКП мәліметтері бойынша Қазақстанда 992 кәсіпорын текстиль саласын қалыптастырып отыр, оның ішінде 13 ірі, 27 орта, қалғаны – шағын кәсіпорындар. 7-8 маусым аралығында астанада «Көрме» орталығында Киім дизайнерлерінің ұлттық байқауы шеңберінде Жеңіл өнеркәсібі форумы өтеді.

 «Идеясы барлар  форум алаңында кәсіпорын, инвесторды тауып, бастамасын жүзеге асырып, брендін таныта алуы, алға жылжытудың жаңа технологияларын игереді деп күтілуде, осыған байланысты біз қарағандылық дизайнерлер, тігінші және қолөнер шеберлерін ұлттық байқауға қатысуға шақырамыз», – деді «ALTYN OIMAQ» киім дизайнерлерінің ұлттық байқау жобасының жетекшісі Диана Ботаева.

Форум-көрменің бағдарламасы «Барлығы отбасы мен үйге» көрмесін қамтиды, онда кілем, текстиль, аяқ киім және әшекейлер категориялары бойынша отандық өндіріс тауарлары сатылымға қойылады, сонымен қатар отандық брендтер дефилесі, «ALTYN OIMAQ» байқауына қатысатын киім дизайнерлерінің  дефилесі ұйымдастырылады. Сонымен қатар жеңіл өнеркәсіп бойынша форумның өзі (тренингтер, шеберлік сабақтары), әлеуетті серіктестермен, қаржылық институттарымен В2В келіссөздер өтеді. Әр әлемдік брендтер, сауда желілері мен платформалардың өкілдері, киім дизайнерлері мен нарықтың кәсіпқойлары форум спикерлері болады.

 Байқауға қатысу өтінімдерді www.fundwomen.kz сайтына жіберуге болады

 Анықтама телефоны: 87012141077, 87009995599


Еншілес ұйымдар

Серіктестер