«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ұлытау өңіріндегі шаруалардың мәселесін талқылады

2024 жылғы 20 Желтоқсан
- Ұлытау облысы
149 просмотров

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы жұмыс сапарымен Ұлытау өңірінде болып, өңірдің диқандарымен кездесіп, түйткілді мәселелерді талқылады.

Отырыс облыс әкімінің орынбасары Жәнібек Нүпіров, Ұлытау облысының КП өнеркәсіпті дамыту және жобаларды қамтамасыз ету басқармасының басшысы Кәмшат Күнеділованың қатысуымен облыс әкімдігінде өткен Агроөнеркәсіптік кешен мәселелері жөніндегі салалық кеңес барысында өтті. Кездесу барысында малға шөп шабуға қаржы бөлу, Қарағанды облысынан Ұлытау өңіріне дизель отынын жеткізу, сондай-ақ шаруаларға салық жеңілдіктеріне қатысты мәселелер сөз болды. Ауыл шаруашылығы вице-министрі талқыланған мәселелердің барлығын назарға алып, бүгінгі таңда мемлекет аграрлық секторға жан-жақты қолдау көрсетіп, маңызды мемлекеттік бағдарламалар мен субсидиялар енгізіп жатқанын атап өтті.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер