«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«БАБӨ» жобасын одан әрі дамыту мәселелерін «Атамекен» ҰКП және JICA басшылығы талқылады

2024 жылғы 04 Қазан
431 просмотров

«Атамекен» ҰКП алаңында Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Арсенұлы Нақыпбеков пен JICA-ның Орталық Азия бойынша өкілі Нишияма Каэнтаро мырзаның кездесуі өтті. Кездесуде «Бір ауыл – бір өнім» жобасын одан әрі дамыту талқыланды. Сондай-ақ, «Атамекен» ҰКП мен JICA арасындағы кәсіпкерлер үшін тәжірибе алмасу бойынша тағылымдамалар, сондай-ақ әйелдер кәсіпкерлігі желісі бойынша жобалар сияқты жобалар бойынша өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында JICA және «Атамекен» ҰКП бірлесіп ұйымдастырған Junco Youshimizu шөптер мен хош иістер жөніндегі жапон сарапшысының сапары өтті.

Жапондық сарапшы «БАБӨ» жобасының қатысушыларына үйде тері күтімі бойынша, дәлірек айтқанда Қазақстанда қолжетімді эфир майлары мен басқа да табиғи ингредиенттерді пайдалана отырып сарысу мен скраб жасау жөнінде шеберлік сабағын өткізді.

Шеберлік сабағы барысында қатысушылар жергілікті ресурстарды қолдану туралы құнды ақпарат алды, сондай-ақ қазақстандық тұтынушының қажеттіліктері мен бірегей қазақстандық шикізатты коммерцияландыру әлеуетін талқылады.

Экология, жасыл экономика және органикалық өнімдер мәселелеріне баса көңіл бөлінді. Табиғи ингредиенттерді қолдану тұтынушылардың денсаулығын жақсартуға ғана емес, қоршаған ортаны қорғауға да оң әсер етеді.

Алдағы күндері сарапшылар делегациясы косметикалық өнім технологиясын жақсарту бойынша зерттеулер жүргізу, сондай-ақ жергілікті өндірушілермен сараптамалық білім алмасу үшін Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарына барады.

JICA-мен бірлескен жобалар жергілікті өндірісті дамытуға ықпал ететін, сондай-ақ екі ел кәсіпкерлерінің өзара тиімді ынтымақтастығы үшін мүмкіндіктер ашатын қазақстандық бизнесті қолдаудың маңызды тетіктерінің бірі болып табылатынын атап өткен жөн.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер