«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясының жеңімпаздары марапатталды

2024 жылғы 01 Шілде
- Шымкент қаласы
6269 просмотров

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасы «Таза Қазақстан» эколоиялық акциясын белсенді қолдаған бизнес өкілдері арасындағы түрлі номинациялардың жеңімпаздарын марапаттады.

Палата директоры Сабира Адамбекова «Эко-амбассадор», «Эко-меценат» және «Эко-кәсіпкер» номинацияларының жеңімпаздарына естелік мүсіндер мен дипломдар табыстады.

«Эко-амбассадор» номинациясында экологиялық іс-шаралар мен қоғамдық бастамаларға қатысу, эко-проблемаларды шешуге инновациялық көзқарас, әлеуметтік жауапкершілік таныту бастамалары ескерілді. «Эко-меценат» номинациясына үміткерлер экологияны жақсартуға, экологиялық таза технологияларға инвестиция құйса, «Эко-кәсіпкер» номинациясында экологиялық жобаларға, экологиялық таза өнім шығаруға, инновациялық экологиялық шешімдерге, сондай-ақ, экологиялық жауапкершілік пен сертификаттауға жыл сайын бөлінетін инвестицияның көлемі ескерілді», – деді Сабира Адамбекова.

Сонымен, «Эко-амбассадор» номинациясында ресурстарды үнемдеудегі инновациялық ғылыми әзірлемелер мен технологияларды енгізу жобасымен «High Industrial Lubricants & Liquids Corporation» (HILL) ЖШС үздік атанды. Компания, сондай-ақ, Hill Corporation-мен жұмыс істейтін Қазақстан мен басқа елдердің заңнамасына сәйкес келетін өнеркәсіптік қауіпсіздікті, еңбекті қорғауды және экологияны басқару жүйесін енгізген. Жүйе ISO 14001 және OHSAS 18001 халықаралық стандарттарына сәйкес келеді. Тағы бір марапат қағаз қалдығын қайта пайдалануды қамтамасыз ету үшін өңдеу қызметі үшін «Бумпром» ЖШС-не берілді.

«Эко-кәсіпкер» номинациясымен «ELEMENT 5» және «STANDART STEEL KZ» ЖШС марапатталды.  Бұл компания соңғы 3 жылда тұрғындар арасынан жиналған 10 мың тонна алюминий қалбырды кәдеге жаратқан. Ал «Standard Steel KZ» ЖШС Шымкентте мырыш концентраттарын шығаратын жаңа зауытты іске қосты. Шикізат ретінде бұрынғы Шымкент қорғасын зауытының қалдығын пайдаланады.

Айта кетейік, қорғасын зауыты 2018 жылы ресми түрде жабылды, жылдар бойы жинақталған қалдық содан бері ашық аспан астында сақталып келген болатын. Өндіруші аймақты экологиялық проблемадан арылтып, қалдықты металлургия өнеркәсібінің қажетіне жіберуде.

Ал «Эко-меценат» ретінде «Береке А» корпорациясы» атанды. Компания жыл сайын ағаш көшеттерін егіп, экологиялық акцияларға қатысады. Биыл компания өз қаржысы есебінен Желтоқсан көшесінің бойынан гүлзар салды. Демалыс аймағының жалпы ауданы шамамен 4 мың шаршы метрді құрайды. Ал «Shymkent Group Строй» ЖШС өз қаржысы есебінен Жібек жолы көшесінің бойында гүлзар салып, бұталар мен гүлдер отырғызды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер