«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Темір тордың арғы жағындағы бизнес: кәсіпкердің мәселесі оң шешім тапты

2024 жылғы 14 Мамыр
- Қарағанды облысы
6575 просмотров

 Солтүстік Қазақстан облысындағы су тасқыны салдарынан қарағандылық кәсіпкерлерде үлкен проблема туындаған.

СҚО-да су басқан түзету мекемелеріндегі жазасын өтеп жатқандарды алдымен Долинкаға әкеліп, №34 мекемеге ораналастыру жоспарланған болатын. Ал Долинкадағы сотталғандарды Қарабасқа жөнелту көзделген еді. Олардың қатарында мәрмәр тасын өңдеу цехының білікті мамандары да бар. Кәсіпкердің айтуынша, жұмыскерлер басқа мекемеге көшіп кетсе, онда бизнес банкротқа ұшырауы әбден мүмкін. Бұл мәселе Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында талқыланды.

 «Біз жуырда ғана жұмыскерлемен келісімшарт жасастық. Жұмыс көлемі үлкен. Кенет 3 мамырда кәсіп нысанын көшіріңіз немесе көшіңіз деген хабарлама келді. Бізбен ешкім сұхбаттасқан жоқ, мән-жайды түсіндірмеді, біржақты шешім қабылдаған. Енді тапсырыстарды қалай орындаймыз? 2022 жылы біз алдымен №40 мекемеде цех аштық», – деп шағымданды БТК жеке кәсіпкерлігінің өкілі Нұрсұлтан Әкенов.

 Кәсіпкердің айтуынша, олар темір тордағы цехқа жөндеу жұмыстарын жүргізу, соның ішінде ғимаратты қалпына келтіру, кәріз, электр қуатын өткізу, пеш, сорғы орнатуға үш жарым миллион теңге жұмсаған. Содан мынадай мәселе туындады: не осында қалу, не тәжірибесі бар мамандармен жаңа орынға көшу. Кәсіпкер екінші нұсқаны таңдады.

 

 «Өткен жылдың қыркүйегінде біз №34 мекемеге көштік. Тағы да жөндеу жұмыстарына 3 млн теңгедей қаражат салдық. Енді аяққа тұрамыз дегенде тағы көш деді. Енді тағы үшінші рет жөңдеу жасауымыз керек пе? Қарабаста жалаң қабырғалар ғана, еден орнына – құм. Ал қазіргі цехте еден сұйық мәрмәрдан құйылған. Бізге таза орынжай керек. Тағы жөндеу жұмыстарын көтере алмаймыз», – деді Нұрсұлтан Әкенов.

Кәсіпкердің шағымына Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары М. Бекжанов наразылық білдірді. Белгілі болғандай, қазіргі уақытта 34м мекемеде шек қойылған. Ал СҚО-дан көптеген адам келеді.

«Біз сотталғандарды қосымша жатын орындарға емес, өндірістік орынжайларға еденнің үстіне орналастыратын боламыз. Сізге СҚО-дан келгендерді оқытып алуды ұсынамын», – деп атап өтті Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары Бекжанов.

 Кәсіпкер оқуға да жарты жылдай уақыт кететінін, жұмыскерлерді арнайы технологияларға оқыту үшін арнайы маман шақырылғанын айтты.

 «Жұмыскерді үйрету үшін материал шығындалды. Ең кемі екі ай кетеді. Ал тапсырыс бойынша келісімшарттар күйіп тұр», – деді кәсіпкер.

Мәрмәр өндірісінен басқа қарағандылық түзету мекемелерін толықтыру салдарынан тағы тігін цехы, аналарға арналған заттар өндіретін мекеме де қиындық көреді. Жалпы алғанда 50-ге жуық адам жұмыссыз қала жаздады.

Қарағанды облысы прокуратурасының 6-шы басқармасының бастығы Асығат Ахметов мәселені егжей-тегжей қарауды ұсынды. Нәтижесінде мәселе бірнеше күн ішінде оң шешілді. Қарағанды облысы прокуратурасының 6-шы басқармасының бастығы Асығат Ахметовтың жауабына сәйкес 6 жеке кәсіпкерлігінде  да жұмыс істейтін 55 сотталған № 34 мекемеде қалды. Кәсіпкер мәселесі оң шешімін тапты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер