«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысында бизнесмендердің құқықтарын қорғайтын прокурорлық мобильді топтар жұмыс істейді

2023 жылғы 04 Сәуір
- Қарағанды облысы
5872 просмотров

Өткен жылы прокурорлар өңір кәсіпкерлерінен 155-тен астам шағымды пысықтады. Прокуратураның мәліметінше, әрбір 3-ші өтініш (51) өз растауын тапты. "Атамекенмен" бірлесіп Telegram Бот әзірленді. Бұл тек бір QR кодының көмегімен прокуратураға сигнал жіберуге мүмкіндік береді. Мұндай ақпарат облыс прокуратурасында өткен алқа отырысында айтылды.

Облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеровтың төрағалығымен бизнес құқықтарын қорғау, сондай-ақ қылмыстық процесте заңдылықты сақтау және көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің тиімділігі мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.  

"Өткен жылы прокурорлар 7 тексерудің алдын алды, екеуі заңсыз деп танылды. Сондай-ақ 6 заңсыз әкімшілік іс жүргізуді тоқтатты. Өткен жылы 23 заңсыз тыйым салу шаралары жойылып, 350 млн. теңгеден астам қаражат қайтарылды, 50-ден астам адам жауапкершілікке тартылды", - деп атап өтті облыс прокуроры Бауыржан Мырзакеров.

Алқа жұмысына мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай-ақ "Атамекен"Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының басшылары қатысты.     Іс-шараға қатысушылар проблемалық мәселелерді айтып, бірлескен іс-қимыл жоспарына бірқатар ұсыныстар енгізді.

"Кәсіпкерлік қоғамдастық прокуратура органдарына кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету мәселелерінде ерекше сенім білдіреді. Мобильдік топтар жұмыс істейді, рейдтік фактілер және қылмыстық қудалау орбитасына ЖКС тарту бойынша жұмыс тобы құрылды", - деп атап өтті Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.

Сондай-ақ, Ернар Дауылұлы кәсіпкерлік субъектілері арасындағы мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы көптеген талап-арыздар, шағын бизнеске жердің қолжетімділігі және т.б. сияқты мәселелер бойынша қолда бар мәселелерге ерекше назар аударды.

Алқа соңында облыс прокуроры бизнесті негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар берді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер