«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Теміртауда бірегей жоба бар

2021 жылғы 23 Шілде
- Қарағанды облысы
8555 просмотров

Теміртау тұрғыны Лидия Малярованың «Экзотикалық жәндіктер» бизнес жобасы 2020 жылы жүзеге асырылған. Кәсіпкерлік негіздеріне оқып алған Лидия ханым, 555 600 теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, кәсібін ашты.

 Бүгін «Бастау Бизнес» жобасы арқылы жүзеге асырылған бірегей экспозицияны көруге адамдар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келуде. Бастаудың ең экзотикалық жобасы бірде-бір адамды бей-жай қалдырмады. Экспозицияда тарақандардың 50-ден астам түрі, қоңыздардың 3 түрі, ағаш кеміретін қоңыздардың 2 түрі, сарышаяндар мен өрмекшілердің көп саны бар. Қазақстанда мұндай түрлі жәндіктердің шоғыры Нұр-Сұлтанда да, Алматыда да, көрші Қарағандыда да жоқ. Ерлі-зайыптылар үшін отбасылық кәсіп отағасының хоббиі ретінде басталған.

 «Мен елордада 25 жыл бойы шаштараз болып қызмет істедім. Үш жыл бұрын Теміртау тұрғынына тұрмысқа шықтым. Ол уақытты жолдасымда жәндіктердің үлкен коллекциясы болды. Осы кезде идея пайда туды. Достарымыздан «Бастау Бизнес» жобасы жайында естідік. Оқуға қатыстым, грант ұттым. Грант қаражатына негізгі жабдық – террариумдар, аквариумдар және көрме өткізуге қажетті конструкцияларды сатып алдық. Көрмеміз «Восток» Теміртау қалалық паркінде жұмыс істеп жатыр. Кеңейткіміз келеді, жәндіктердің жаңа түрлерін сатып алып,  топтамаызды толтыруды қалаймыз», – деді «Бастау Бизнес» түлегі Лидия Малярова.

Барлық экспонаттар негізінен Ресейден әкелінеді. Жақында Лидия жолдасы Сергеймен бірге Қазақстан өңірлеріне саяхат жасады. Олар сарышаяндар мен тарақандардың үлкен коллекциясын жинай алды. Көптеген сарышаяндар түрін анықтау үшін Ресейге жіберілді. Ерлі-зайыптылар өз коллекцияларын Қазақстанда кездесетін жәндіктермен кеңейтуді армандайды, бұл туған өлкеде экзотикалық бағытты танымал етуге көмектеседі.

 «Жәндіктерге 10 жасымнан бастап қызығамын. Анам Галина Никифоровна Малярова да осы ермегімді қолдайды, жәндіктерді жақсы көреді. Анам бақа біткенді жақсы көреді. Біз сапарлатып кетсек, жәндіктерге анам бас-көз болады. Жәндіктеріміз өте көп, олардың қатарында көрме экспонаттарымен қатар, үйімізде бізбен бірге тұратын түрлері де бар», – дейді Сергей Маляров.

Отбасы Мәскеуде бойы бір уыс бірегей шегірткені (Tettigonioidea)  сатып алу, сондай-ақ топтаманы сирек кездесетін көбелектер мен африкалық тарақандармен толықтыруды жоспарлайды.

 «Биыл «Бастау» жобасымен 3 лек өтті, 1247 адам қатысты. Соның ішінде бизнесті дамытуға грантты 299 адам алды. Сонымен қатар, 67 адам 6 пайыз микронесие алды. Жыл сайын жоба танымал бола бастады, Қарағанды өңірінде оқудан өтіп, өз бизнесін бастағысы келетіндер өте көп», - деді Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер