«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлік жолындағы қиындықтарды шешудің жаңа форматы

2021 жылғы 18 Маусым
- Алматы қаласы
15852 просмотров

Енді кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп, салық және кадрлық мәселелерді шешу оңайырақ болады. Алғаш рет бүкіл Қазақстанның кәсіпкерлері үшін жетекші мамандардан онлайн режимінде тегін консультациялар.

Алматы қаласының «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы мен «Учет» компаниялар тобының ұйымдастыруымен Қазақстанның барлық өңірлерінің бизнесі үшін бірегей білім беру мақсатында онлайн қоғамдастық құрылуда. Сіздің кәсіпкерлік жолыңызда туындаған мәселелеріңізді шешу үшін онлайн режимінде есепші, салық және кадр қызметтерін жетік меңгермен мамандар өз тәжіриебесімен бөліседі. Жобаның басталуы 22 маусымға жоспарланған.

Atameken Business Club - бұл тек білім беру платформасы ғана емес, сонымен қатар сізбен әр түрлі саладағы тәжірибелі мамандар байланысатын тұрақты негіздегі диалог алаңы.

Клуб бүкіл Қазақстан бойынша кәсіпкерлер үшін бухгалтерия, салық және кадр сарапшыларымен онлайн-кездесулер өткізеді.

Жоба кәсіпкерлерге келесі тармақтар бойынша өз көмегін тигізуге тырысады:

  • өз бизнесінің осы салалары туралы білім деңгейін арттыруға;
  • бухгалтерлік есептің салалық ерекшеліктерін білуге — әр кездесу жеке салаға арналған;
  • өз салаңызда туындаған мәселелер туралы айтып, кездесулер кезіндегі диалог арқасында кері байланыс алуға.

Әр шығарылымда сарапшылар нақты бизнес-кейстердегі мәселелерді талдап, оларды шешу үшін практикалық кеңестер және ұсыныстармен бөліседі. Сондай-ақ, олар әр шығарылым тақырыбы бойынша ең өзекті 10 лайфхактарды атап өтіп, қатысушылардың сұрақтарына тікелей жауап береді.

Клубтың кездесулері әр апта сайын сейсенбі күндері тұрақты негізде онлайн-режимде өтеді. Алғашқы екі іс-шара ағымдағы жылдың 22 және 29 маусымында сағат 16:00-ге жоспарланған.

Клубтың маусым айына арналған бағдарламасы:

22 маусым – «ЖК, ЖШС ашу немесе жабу кезінде әрбір кәсіпкер нені білуі тиіс»

Сарапшылар:

Бухгалтерия бойынша - Елена Захарова, Schetovod.kz компаниясының директоры, тәжірибелі есепші және кадр маманы.

Салық бойынша - Александра Карпова, «Финансы под контролем» компаниясының негізін қалаушы, сапа менеджменті жүйесінің аудиторы.

Кадр саласы бойынша - Қарлығаш Тәжібекова, Starget Consulting компаниясы негізін қалаушыларының бірі, кәсіби есепші және салық кеңесшісі.

29 маусым – «Интернетте тауарлар сатасыз ба? Бизнес жүргізу жолында бухгалтерия, төлемдер және кадрлар сұрақтарыңда білу қажет ТОП-30 ереже»

Сарапшылар:

Бухгалтерия бойынша - Елена Захарова, Schetovod.kz компания директоры, тәжірибелі есепші және кадр маманы.

Салық бойынша - Эльмира Мухоряпова, ERM Consulting компаниясының директоры, кәсіби есепші, салық кеңесшісі.

Кадр саласы бойынша - Валентина Педас, La Finance компаниясының директоры, тәжірибелі есепші.

Онлайн-кездесуге тіркелу сілтеме бойынша қолжетімді abclub.kz


Еншілес ұйымдар

Серіктестер