«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қадағалау органы мониторингтік топтың жас кәсіпкерге қатысты заңсыз шешімін негізсіз деп таныды

2021 жылғы 21 Қаңтар
- Қарағанды облысы
9354 просмотров

Прокуратура жас кәсіпкер Рафаэль Фатхельяновқа қатысты Қарағанды ​​қаласы Қазыбек би ауданының тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау бөлімінің қаулысының күшін жойды.

Мәселенің оң шешілеуіне Қарағанды ​​облысының кәсіпкерлер палатасы ықпал етті.

 Істің мәні: мониторингтік топ кәсіпті (тез тамақтану мейрамханасы) ашудың алғашқы күні кәсіпкерге жұмыс орнында маска тақпағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабына сәйкес 230 АЕК көлемінде айыппұл салған

 «Кәсіпті ашудың алғашқы күні мониторингтік топ нысанды тексеріп,  жас кәсіпкерге 230 АЕК айыппұл салады. Жұмыскерлер мен келушілер маскасыз жүрді дейді. Бұған дейін ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осындай жағдайда жауапкершілікке бизнес өкілі емес жеке тұлға тартылады деп сендіргенмен, іс жүзінде бұл шара жүзеге аспады. Бұдан бөлек СЭҚ қызметкері нысанда келушілер мен жұмыскерлер әрекетін жасырын түрде бейнеге түсіріп алғаны анық, бұл функция жедел-іздестіру жұмыстарына жатады. Палата осы мәселемен уәкілетті органға сәйкес өтінімі жіберді, өйткені қызметті асыра пайдалану орын алған», – деді Қарағанды облысы ӨКП кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Азамат Даненбаев.

Бұл факт бойынша материалдар Қазыбек би атындағы прокуратураға және Қарағанды ​​облысы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне өткізілді.

Шешімнің күшін жою туралы аудан прокуроры берген әкімшілік құқық бұзушылықтың болмауына байланысты наразылық осы іске нүкте қойды.

 «Іс материалын зерттеген соң Қазыбек би ауданы прокуратурасының 15.02.2020 ж. No 2-08-20-10222 ұсынымына сәйкес іс бойынша өндірісті келесі негіздемелер бойынша тоқтату қажет деп санаймын. Жеке кәсіпкер Р.Н.Фатхеляновқа қатысты 2020 жылғы 13 қазандағы № 203511453000184 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың күші жойылсын. Жоғарыда айтылғандардың негізінде және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 741, 821-823 баптарын басшылыққа ала отырып, жеке кәсіпкер Р.Н.Фатхеляновқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс, ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы, 1-бөлігіне сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылықтың болмауына байланысты тоқтатылады», – деп хабарлады Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бастығы ​​Н.Аймағанбетова.

Еске салайық, жас кәсіпкер Рафаэль Фатхелянов «Бизнес Бастау» жобасы бойынша оқыды, ӨКП мамандары кәсіпкерге сүйемелдеу көрсетіп, грант алуға көмектесті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер