«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды кәсіпкерлері бизнесті дағдарысқа қарсы қолдау шараларын талқылады

2020 жылғы 29 Сәуір
- Қарағанды облысы
7491 просмотров

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы алаңында Өңірлік кеңестің онлайн отырысы өтті

Күн тәртібінде – «Атамекен» ҰКП дағдарысқа қарсы шараларды талқылау. Бұл іс-шаралардың кешені, соның ішінде қолдаудың жалпы жүйелік шаралары (салықтық жеңілдік, жеңілдікпен несиелеу, сатуды қолдау, субсидиялар), салалық құралдар бар.

 Автовокзалдарды қолдауды «Қарқаралы Трансервис» ЖШС директоры Т. Садықова ұсынды. Оның пікірінше, сала салықтық жеңілдікке мұқтаж.

 «Автовокзал қызметін атқаратын салаларды салықтық жеңілдіктерді алатын кәсіпорындар тізіміне қосуды қажет етеді. Бүгінде ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі қаулысына сәйкес олардың қызметі тізімге ілінбеген. Бұл бір ғана мәселе емес, осындай проблемаға басқа да кәсіпорындар тап болған»,– деді Т.Садықова.  

 «Найдоровское» ЖШС директоры Павел Лущактың пікірінше, экономиканың нақты секторы квота керек. Бизнесмендер кепілзатқа қатысты мәселені шешу қажет деп санаййды.

 «Ұн экспортына квотаны үлкейту, осы ретте егер шикізат 100 пайызға шетелдік болса ұн экспортына рұқсат беру. Сонымен қатар екінші деңгейлі банктерде несиелеу кезінде кепілзаттардың төмен өтімділігі болатыны болжануда, онда 60 пайыз тұрақты кепілзатты, 40 пайыз Аграрлық несие корпорациясына ұқсас сақтандыруды енгізу қажет деп санаймын», – деп мәлімдеді Павел Васильевич.

 Басқа да маңызды ұсыныстар Өңірлік кеңес өкілдері тарапынан айтылды.

 Еске салсақ, қазіргі кезде ҰКП бизнесті дағдарысқа қарсы қолдау шараларын талқылауда. Мұндай кездесулер еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатыр. Барлық келіп түсткен ұсыныстарды «Атамекен» жинақтап, Үкімет қарауына жіберуді көздейді.

 Кездесу жазбасы:  https://www.facebook.com/100005352737035/videos/1340517796136632/


Еншілес ұйымдар

Серіктестер