«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Жас кәсіпкер» түлегі жастарды арманға ұмтылуға шақырады

2019 жылғы 05 Қараша
- Қарағанды облысы
9359 просмотров

2012 жылы Виталий Саврей өндірістік жарақат алды. Бірақ бұл өкінішті жағдай оның күш жігерін сындыра алмады. Бүгінде Виталийдің жеке етік шеберханасы бар

Виталий Саврей 26 жаста. Жеті жыл бұрын оның аяғын шнекті транспортер жұлып кеткен, тірі қалу үшін жігіт өзі аяғын өзі сындыруға тура келген.

 Виталий Саврей аяғына ампутация жасағанына қарамастан өмір сүруге үлкен құлшынысы бар әрі салуатты өмір салтын жүргізеді. Ауруханадан аяқсыз оралған жігіт аяқ киім жөндеу шеберлігін үйреніп алды, кейін кішкентай дүңгіршек алып, етік шеберханасын ашты. Оған қажетті жабдық жетіспеді, алайды кәсіп тоқтаған емес.

 «Жеке кәсіпті 2012 жылы ашам деп шештім. Қиын кезеңді өткердім – аяғымнан айырылдым. Ақтауда 4 жыл бойы етікшілікті үйрендім, 9 ай Теміртаудағы шеберден үйрендім. Кейін жеке шеберхананы ашуды ойлап, қайдан қаражат алуды, неден бастау қажеттігін білмедім. Қазір менде аяқ киім жөндеу бойынша жеке шеберханам бар», – Виталий Саврей.

 Биыл Виталий Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасынан бизнеске қолдау туралы біліп, Теміртау қаласында «Жас кәсіпкер» жобасымен оқуға қатысты.

 «Жас  кәсіпкер» арқылы салық есептілікті жүргізу, клиенттермен жұмыс істеуді үйрендім. Сонымен қатар 505 мың теңге көлемінде грант алдым, оған қажетті сапалы жабдық сатып алдым. Мен жабдық қана сатып алған жоқпын. Мен шабыт пен өмір сүруге деген құлшынысты қоса алдым. Аяғым жоқ, бірақ күш жігер, өмірге құштарлық, отаныма пайда әкелуге ынта бар», – деді Виталий.

 «Непьющий сапожник» атауымен кішкентай дүңгіршек Теміртау қаласының 8 ықшам ауданында орналасқан.

 3 жыл ішінде «Атамекеннің» «Бастау» жобасымен бүкіл Қазақстан бойынша 88 мың адам оқып шықты. Бұл 620 млн теңгеге тең салықтық төлемдер. Бір жобаның орташа құны  3,3 млн теңгеге бағаланады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер