«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мектеп оқушылары жобалар жәрмеңкесінде бизнес-идеяларын таныстырды

2019 жылғы 21 Мамыр
- Павлодар облысы
6678 просмотров

Бизнес-инкубатордың жобалар жәрмеңкесі тау-кеншілер қаласындағы «Қайнар» білім-беру–ойын-сауық кешені алаңында өтті

Құрамына бизнес-қоғамдастық, жергілікті атқарушы органдар және «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының өкілдері кірген қазылар алқасы ең үздік жобаларды таңдады. Айта кетелік, «Қайнар» кешені мұндай шараларды жыл сайын өткізеді.

«Ойланып көрейікші, елімізде кәсіпкерлікті жаппай сипатта қалай көтере аламыз? Меніңше новатор, көшбасшы және жасампаздың ойлау қабілеті қалыптасуы үшін бейінді білімді мектеп бағдарламаларынан бастау керек. Олар мектеп оқушыларынан «жаңа» Стив Джобстар мен Илон Масктарды жасамайды, негізгі міндет өз мүмкіндіктеріне деген көзқарасты өзгерту», – дейді Екібастұз қаласы Кәсіпкерлер палатасының менеджер-кеңес берушісі Әділхан Әжібаев.

Бизнес-инкубатордың түлектері дұрыс тамақтану, робототехника саласында, ғимарат қасбеттерінің өзгеруі және басқа да қызықты жобаларды таныстырды.

 Жүлделі орынға іліккендердің қатарында «Лего бургер» кафесі бар. Бұл ішінде конструктордың түрлі фигуралары қойылған отбасылық демалыс орны. Балалар сүйікті кейіпкерлерін тамашалап, тапсырыс орындалғанша өздеріне ұнаған конструкцияны құрастыра алады. Үлкен экранда лего-мейрамханасы бар компьютер ойынын ойнауға болады. Ең кішкентай қонақтар бейне нұсқаулық бойынша ойыншықтарын құрастыра алады.

«Қайнар» білім беру–ойын-сауық кешені директоры Виктория Савинаның айтуынша, бизнес-инкубатордың міндеті балалардан тұлға тәрбиелеу, дұрыс бағдар беру.

 «Оқу кезінде іскерлік ойындар мен бизнес-симуляцияларды, жобалармен жұмыс істеудің digital құралдарын, қосымша шынайылық элементтерні пайдаланамыз. Сонымен қатар теориялық жағын да қаперде ұстаймыз, бизнес-идеяларды таңдап, оларды жүзеге асыруда бірге ойластырамыз, жергілікті кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырып, тақырыптық тренингтер өткіземіз. Түлектер арасында №36 мектептің 11 сынып оқушысы Зейнолла Жасұланды атап өтуге бала, ол өте зерек, кәсіпке жақын бала. Былтыр оның қуырылған балмұздақ шығару идеясы жергілікті кәсіпкерлер арасында қызығушылық танытты, жобаны қаржыландырғысы келген адамдар болды. Өкінішке қарай орындалмады, бірақ біз мойымай, ары қарай да демеуші іздестірудеміз», – деді    Виктория Савина.

Әділхан Әжібаев бүгінгі оқушылар ертеңгі күнді ойлатынына сенімді.

 «Жас буын қазірден бастап жеке кәсіпті бастағысы келетіні қуантып отыр. Бұл нені білдіреді? Біз дұрыс бағытта екенімізді білдіреді, және осы аспектіні ары қарай дамыту керек, мектеп бағдарламаларына көбірек оқу құралдарын енгізу керек. Өйткені кәсіпкерлікте оқу тәртіп және еңбек керек. Осындай жұмыс қорқытпаса, онда кәсіп ашудың қазіргі мүмкіндіктері орасан», – деді Әділхан Әжібаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер