«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандылық студенттер «WorldSkills Kazakhstan - 2018» жас мамандар ұлттық чемпионатының жүлдесін алды

2018 жылғы 26 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
6921 просмотров

Кәсіби шеберліктің чемпионаты Астана қаласында өтті. Қарағанды облысы құрамасының қоржынында екі жүлде

Чемпионаттың 350 қатысушысы ішінен  «Қарағанды коммерциялық колледжі» мемекесінің студенттері Александр Свечкарь (аспаздық)  және  Александра Туманова (мейрамханалық сервис) өңір атынан қатысты. Оқу ордасы Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы өңір бойынша енгізіп жатқан Дуальді оқытудың республикалық картасына енген.

«Бізде өндірісте тәжірибе алудың жақсы мүмкіндігі бар, осы артықшылық жеңіске жетеледі. «Аспаздық» аталымында маған бөденеден жасалған тіске басар, теңіз өнімдерінен салат, көкөніс суп-пюресі, картоп  және фенхель қосылған қозының қуырылған жұмсақ еті, бисквит печеньесі мен жеміс салатын әзірлеу керек болды. Оңайға соққан жоқ», – деп бөлісті Александр Свечкарь.

Осылайша Александр  қызу жарыста «Аспаздық» аталымы бойынша екінші орынды еншіледі. 

Ал мейрамханалық сервис шеберлігін Александра Туманова көрсетіп, кәсіпқойдың алқасын жеңіп алды.

 Қос студент өздерінің біліктіліктері бойынша Қазақстанның құрамасына енді, ал жеңімпаздарға жүлделерді ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев табыстады.

 Айта кетелік, Қарағанды облысының 28 колледжінде оқу дуальді білім беру жүйесі бойынша жүріп жатыр, бұл көрсеткіш олардың жалпы көлемінің 60%-ын құрайды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер