«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысының өңірлік кеңесі атқарылған жұмысты қорытындылады

2018 жылғы 21 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
7725 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесте 2018 жылы қаралған 26 сұрақтың ішінен үштен бір бөлігі оң шешілді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған Кеңес 2018 жылда атқарылған жұмысты қорытындылады.

Жыл басынан Кеңестің 11 отырысы өтті, онда 7 мәселе шешімін тапты, 2 мәселе бойынша ақпарат назарға алынды, 4 сұрақ бойынша өтінімдер «Атамекен» ҚР ҰКП-ға жіберілді, 9 мәселе бойынша өтінімдер өкілетті органдарға жіберілді, қалған 4 сұрақ бойынша жұмыс жүріп жатыр. Өтінімдердің басым бөлігі жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, Қарағанды қаласы және Қарағанды облысына қатысты жер қатынастары бөлімдері, мемлекеттік кірістер департаменті, санитариялық-эпидемиологиялық қызметпен жұмысты белсендіруге қатысты болды. Осы ретте Кеңеске ең өзекті мәселелер ғана шығарылады.

 «Биыл кәсіпкерлер қызметке негізсіз араласу, бизнеске арналған жер учаскесінен негізсіз бас тарту, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу және бұзушылықпен тексеру жүргізу бойынша көбірек шағым түсірді», – деді Серік Төрегелдин.

 Ең өзекті де шулы іс – Қарағанды ішкі істер министрлігі академисяның балансында тұрған асхана төңірігінде туған дау болды. «Жақыпбекова» жеке кәсіпкерлігінің басшысы жалданбалы орынжайға шектеу қояды деп бірнеше рет шағым түсірді. Нәтижесінде Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы ҚР Ішкі істер министрлігіне істі шешуге көмектесу бойынша өтінім хат жіберді. Мәселе шағым түсірген кәсіпкер пайдасына шешілді.

 Кәсіпкерлер әкімдік қызметкерлеріне ғана емес, сондай-ақ, мемлекеттік кірістер басқарамасына да шағымадар түсіреді. Жуырда салық қызметкерлері Нина Малюк және Нұрхан Жұмабекұлы атты кәсіпкерлер былтыр қызметкерлеріне еңбек ақы төлемдері мен ұстап қалған сомалары бойынша мемлекеттік кірістер департаментіне ақпарат бермегендері үшін кәсіпорынның жеке шоттарын бұғаттаған. Мәселені қараған соң Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы тексеруге шығып, камералық бақылау нәтижелері бойынша Абай ауданындағы МКД қызметкері бұзушылықты сипаттаған кезде қате жібергені анықталған. Ал Абай ауданы бойынша салық бақылау бөлімінің жетекшісі З.Гафурова тәртіптік жауапкершілікке тартылды. «Стежок» ЖШС енді банктік операцияларды қайта жүргізе алатын болды.

 Тағы бір оқиғада қарағандылық бір фирманың директоры құқық қорғау органдарының заңсыз әрекетіне шағым түсірді. Кәсіпкер «заңды бұзып», шетелдік азаматтарды жұмысқа тартқаны үшін әкімшілік тәртіпте жазаланды. Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңесінің төрағасы Серік Төрегелдиннің мәлімдеуінше, облыстық прокуратураға хабарлағаннан кейін әкімшілік жауапкершілік туралы шешім заңсыз деп танылды.

 «Бұл көрсеткіштердің барлығы кеңес мүшелерінің жұмысы арқасында оң шешілді. Бүгінде олар мәселелені жедел шеше алатын мемлекеттік органдар мен мемелекеттік емес органдардың өкілдері. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдар өкілдерін де атап өткен жөн, олар шалғай өңірлердегі тұрғындарға бизнесті дамытуда көмектесіп отыр», – деді Серік Мәкенұлы.

 Биыл Кеңес мүшелері мен Қарағанды облысы прокуратурасы облыс прокурорының қатысуымен көшпелі жиындар легі жалғаспақ. Төрағаның айтуынша, мұндай шара кәсіпкерлердің органдар қызметкерлері әрекетіне қатысты мәселелерін нақты біліп, шешуге көмектеседі.

 Кеңестің қызметі БАҚ-та кеңінен насихатталады, осылайша Кеңес қоғамдық бақылау құралына де ие болып отыр. Сондықтан Кеңес мәселесін қараған кез келген кәсіпкер оның мәселесі тыңдалатынына сенімді бола алады. Оған ақпараттық агенттіктер, газет, телеарналар мен басқа да БАҚ көздері көмектесуде.

 Жиын барысында жаңа жылдан бастап кеңес мүшелері жекелеген өңірлеге барып, бизнес-қоғамдастықтармен кездесулер өткізетіні айтылды.

 Кеңестің барысынң түсірілімі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер