«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мектеп оқушыларына өндірістік экскурсиялар сериясы ұйымдастырылды

2018 жылғы 31 Қазан
- Қарағанды облысы
7906 просмотров

 

Қарағанды облысындағы кәсіпорындар жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдарлануына белсенді қолдау көрсетуде

Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы сериялық экскурсия ұйымдастырып, оқушылар түрлі салада жұмыс істейтін 30 кәсіпорынның өндірісімен танысты.

 Соңғы экскурсияға ҚМУ, «№39 гимназия, №1, 34, 83 орта мектептері қатысты, ал бұл дегеніміз 100-ге жуық адам.

 Қазіргі таңда Кәсіпкерлер палатасы мектеп түлектеріне арнап «Новое телевидение» телеарнасы, прокуратура, №3 емхана, өрт қауіпсіздігі бөлімі, шахта, тігін фабрикасы және басқа да нысандарына экскурсияларды ұйымдастырды. Әр нысанда мектеп оқушыларына мекеме тарихы, қызметі қоғамдағы орны, әлеуметтік маңызы, жұмыс істеу талаптары, болжамды еңбекақы жайында ақпарат берілді. Бұдан бөлек жоғары сынып оқушылары «ККК Бетон» ЖШС және «Эксперт завод №1» ЖШС-ында болды, онда жасөспірімдер жұмысшы және басқа да мамандықтарға оқыту үдерісімен танысты.

 «Бұл болашақ мамандығын дәл таңдаған, өздерін жұмыскер мамандығында көретін оқушылар. Олар болашақта біздің әріптестеріміз болады. Сәйкесінше кәсіпорындар мамандар біліктілігіне үлкен қызығушылық танытып отыр. Өңірлік кәсіпкерлер палатасының атсалысуы аясында кәсіпорындар осы жұмысқа белсенді кірісті. Өйткені жұмыс берушілер бизнес білікті мамандарға тәуелді екенін жақсы түсінеді»,– деді Қарағанды облысы ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Қарлығаш Оспанова.

Былтыр өңірде 1200 оқушыға осындай 100 экскурсия ұйымдастырылды.  Жалпы соңғы екі жылда бизнестің қолдауымен мектептерде 200-ден астам кәсіби бағдар бөлімдері ашылды. Онда оқушылар облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар жайында қажетті ақпаратты ала алады.

 Жастарға болашақ мамандықты таңдауға көмек беру мақсатында Кәсіпкерлер палатасы табысты бизнесмендермен кездесу, кәсіпорындарда экскурсия ұйымдастыру, кәсіби бағдар бойынша сыныптарды ашу, түрлі байқаулар өткізу бойынша кешенді жұмыстар жоспарын әзірленген.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер