«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бельгиялық технологиялармен дайындалатын шоколад

2018 жылғы 17 Қыркүйек
- Батыс Қазақстан облысы
10544 просмотров

Бельгия – шоколад өндіруден көшбасшы мемлекет. Бұл елдің шоколад жасау шеберлері эксперимент жасаудан қорықпайды,  еуропалық өнім тіл үйірер, таңғажайып дәмге ие. Руслан Емуранов «Бизнес-Кеңесші» курсқа бару алдында бельгиялық шоколадтың қалай жасалатынын  YouTube желісінен көріп алды. Осыдан барлығы басталып кетті.

Өзінің идеясымен Руслан келіншегі Аидамен бөлісті. Аида бастаманы қолдап, тіпті онлайн-оқудан өтті. Қажетті ингредиенттерге тапсырыс беріп, «Мастерская шоколада» екі ай бұрын өздерінің бірінші өнімін шығарды.

«Шоколадымыз қолдан жасалады. 4 түрін шығарамыз. Бұл ащы шоколад –80%, қара шоколад – 54%, сүтті шоколад – 36 % және ақ шоколад. Бұл өнімдерге Инстаграм арқылы тапсырыс беруге болады. Негізінен дам, грек жаңғағы, орман жаңғағы, кешью, жер жаңғақ, кокос жаңқасы қосылған шоколадқа тапсырыс беріледі», – деп бөлісті Руслан Емуранов.

 Бүгінде отбасы бизнесінің айналымы шағын, бірақ біртіндеп «қол шоколады» Батыс Қазақстанда танылып келеді. Шоколадтың сұранысқа ие болуы таң қаларлық жайт емес, өйткені шикізат ретінде табиғи какао-өнім қолданылады. Какаоның құрамында калий, магний мен темір сияқты пайдалы заттар бар, олар жүрек-қан тамыр жүйесін қатайтып, ал белок, майлар мен көмірсулар ағзаны энергиямен қамтамасыз етеді.

 «Мастерская шоколада» шеберханамызда әр клиентке жеке назар аударылады. Өнім формасы, хош иісі мен салмасы түрлі болуы мүмкін. Жаңғақ, кешью және басқа да ингредиенттер клиент сұрауы бойынша салынады», – деді жас кәсіпкер.

 Осындай арманды жүзеге асыруда кәсіпкер Русланға «Бизнес-Кеңесші» курсы көмектесті. Ары қарай «оралдық шоколатье» сертификатталған шоколад өндірісін ашпақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер