«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы жеке қабылдауды өткізді

2018 жылғы 03 Қыркүйек
- Жетісу облысы
6908 просмотров

 Кеңес басшысы кәсіпкерлерді апта сайын қабылдауды қолға алды.

Алматы облысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Баниямин Файзулин бизнес өкілдерімен апта сайын жеке кездесу аясында кәсіпкерлермен кездесті.

 Қабылдау барысында қауымдастықтарды аккредиттеу, компанияны ІТ-нарығында алға жылжыту, шағын бизнесті қолдау саласында мәселелер көтерілді.

Өңірде танымал заңгер Әмір Ғазалиев Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырыстарына сарапшыларды шақырып отыруды ұсынды. Ғазалиевтің айтуынша, тәуелсіз сарапшылар Кеңестің күн тәртібіне сәйкес әртүрлі тақырыптар бойынша терең талдау жасап, кәсіби пікірлерін бөлісіп, кеңес бере алады.

Баниямин Файзулин Талдықорған қаласы рестораторлар қоғамдастығын таныстыру мақсатында қауымдастықты құру, «Атамекен» ҰКП жүйесінде аккредиттеуден өту, сонымен қатар мемлекеттік органдарда тіркелу туралы ақпарат берді. Консультациялардан кейін кәсіпкерлер рестораторлар қауымдастығын құруды жоспарлап отыр.

Талдықорған мен Татарстан Республикасы ІТ компаниялары арасында ынтымақтастықты жақсартуда көмек көрсету бойынша «Сервис Систем» ЖШС өкілі өтінім жасады. Жуырда өңірлік бизнес-қоғамдастығы облыс әкімімен бірге жұмыс сапарымен Татарстанда болды, іссапар аясында делегация ІТ жобалармен танысу мақсатында Иннополис қаласына барды. Баниямин Файзулиннің айтуынша, әкімдік пен Иннополис ІТ-орталығы арасында жасалған меморандум екі аймақтың кәсіпкерлері арасындағы ынтымақтастықты арттыра түседі.

 Кездесу барысында Ескелді ауданы Бақтыбай ауылы кәсіпкерлерінің мәселелері тыңдалды. Алмыты – Талдықорған тасжолы көлемінің ұлғаюына байланысты кәсіпкерлерге жол бойындағы сервис қолжетімсіз болып отыр. Яғни кәсіпкерлер жол бойында кафе немесе дүкен аша алмай отыр. Осыған байланысты оларға ӨКП тарапынан қолдау шаралары түсіндірілді.

 «Тасжол көлемі ұлғайған соң кәсіпкерлер осы мәселеге тап болды. Сондықтан біз оларға «Бизнес Кеңесші» мен «Бастау» жобалары бойынша тегін оқып, мемлекеттік бағдарламаларға қатысуды ұсынып отырмыз. Жалпы кәсіпкерлер көтерген барлық мәселелер бойынша шаралар қолданылады», – деді Кеңес төрағасы.

 Айта кетелік, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес төрағасы Баниямин Файзулин ӨКП ғимаратында әр сәрсенбі сайын сағат 10:00-ден 17:00 аралығында кәсіпкерлерді жеке қабылдайды.

 Бизнес субъектілері өкілдері түрлі сұрақтармен келіп, заңгерлер көмегіне жүгіне алады. Келесі қабылдау 5 қыркүйек күні өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер