«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысында «Туризм аруы-2018» таңдалды

2018 жылғы 02 Мамыр
- Қарағанды облысы
7703 просмотров

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған «Қазақстан туризмі аруы-2018» атты өңірлік байқауы өтті. Оған облыстың түрлі қалалары мен аудандарынан келген 10 ару қатысты.

Байқау Орталық-Қазақстан туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі қауымдастығы, «Атамекен» ӨКП Іскер әйелдердің өңірлік кеңесінің ұйымдастыруымен және Қарағанды облысы әкімі мен «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының ресми қолдауымен ұйымдастырылды деп хабарлайды ekaraganda.kz порталы.

Іс-шара көпшіліктің назарын әуе кеңестігіне аудару үшін «Сарыарқа» әуежайы алаңында өтті. Осы жерде жергілікті шеберлер мен қолөнершілер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

«Байқау мақсаты – туристік саланың дамуына үлес қосу, отандық туристік нысандарға қызығушылықты арттыру, ұлттық салт-дәстүрді насихаттау. Қалалар мен аудандарда алдын ала іріктеу кезеңдері өткізілді. Бұл бағытта бізге Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қолдау көрсетті. Қыздар сыртқы келбеті мен физикалық ерекшелігі бойынша таңдалған жоқ. Басты талап – арулар өздері туған өлкелері жайында, тарихы жайында білімдері сыналды», – деді Орталық-Қазақстан туризм, мейрамхана және қонақ үй бизнесі қауымдастығының президенті Майя Агадилова.

Байқауда 10 ару ұлттық киім мен кешкі көйлектер киіп шеру жасады.

 Байқау шарттары мынадай болды: туған өлке туралы бейне таныстырылым жасау, ұлттық тағамдар дайындау мен қолданбалы өнер бұйымдарын көрсету. Қазылар алқасы ең мықты талапкерді таңдау қиынға соққаны жайында айтты. Барлық қатысушылар туған жерге деген құрмет пен отансүйгіштікті көрсете білген.

 «Кеңесу бөлмесінде кімге бас жүлде беру туралы қызу талқыладық. Менің ойымша жеңілгендер жоқ. Әр қатысушы туризм келбеті болуға лайық. Ренжігендер болмайды деген сенімдемін», – деді «Қазақтуризм» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Дүйсенғалиев.

Нәтижесінде «Қазақстан туризмі аруы-2018» атағын 26-жасар Жаңаарқа ауданының тұрғыны Фариза Ташмағанбетова алды. Бойжеткен Б.Амалбеков атындағы орта мектепте психолог болып жұмыс істейді. Бимен айналысады. Фариза Жаңаарқа ауданы Байдалы би ауылында дүниеге келген. Жеңімпаз қарағанды облысын «Туризм аруы» республикалық байқауында қорғайтын болады. Бас шара жыл соңында Астана қаласында өтеді.

 Сонымен қатар Фариза Парижде өтетін түрік мәдениетіне арналған форумға қатысады. Бұл Business Lady Qazaqstan республикалық байқаудың ұйымдастырушысы, халықаралық көрсетілімдер жетекшісі Сәуле Қайсардың сыйлығы.

Бірінші орынды Ұлытау ауданының тұрғыны Балнұр Қойшығұлова алды. Екінші орын Қарқаралы ауданы тұрғыны Камила Жағыпароваға бұйырды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға түрлі аталымдар берілді. Оларға сертификаттар, демеушілердің сыйлықтары да тапсырылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер