«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Тимур Құлыбаев: кооперативтерді қолдайтын боламыз

2018 жылғы 18 Сәуір
6126 просмотров

Ауыл кәсіпкерлері шағын агробизнесті дамытуда кооперацияның тиімділігіне сенімді, алайда бұл бағытқа мемлекет тарапынан ары қарайғы қаржыландыру қажет. Осы бағыттың даму келешектігі еліміздің фермерлерін алаңдатады. Бұл мәселе Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы Иван Сауэр мен «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа Төрағасы Тимур Құлыбаевтың жұмыс кездесуі барысында талқыланды.

Ауылда шағын шаруашылықтарды қолдаудың маңызды бағыты «Атамекен» үшін де өзекті, Ұлттық палата өкілдерінің пікірінше бірлесу арқылы тиімді өндірісті жүргізу, өнімді өткізу мәселесін шешу, импортты алмастыру, шаруашылық табысын жоғарылатып, ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейін арттыруға болады.  

«Бұл бағытқа қаражат бөлінген және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігін ауыл шаруашылығы кооперациясы даму бағдараламасының қозғалысы «ҚазАгро» арқылы жүргізіле беруі тиімді екенін  сендіруге тырысады. Осы күндері біз барған өңірлердегі ауыл кәсіпкерлері шағын шаруашылықтарды біріктіру тиімді екенін түсініп отыр», – деді Тимур Құлыбаев.   

 Қазақстанда 1 160 ауылшаруашылық-өндірістік кооперативі құрылған, олар былтырдың өзінде өңдеуші кәсіпорындарға деп тұрғындардан 132,2 мың тонна сүт, 19,1 мың тонна ет сатып алған. «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ арқылы кооперативтер 27,1 млрд теңге көлемінде қаржыландыру алған. Бұл қаражат ірі қара мал, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдық алуға жұмсалды.

Иван Сауэр мемлекеттік қолдаудың басымдылықтарын таңдағанда, азық-түлік импортының жоғары көлемін және импортты елде өндіруге болатын заттармен алмастыру жөніндегі жұмыстарды ескеру қажет деп ұсыныс айтты.

«Мәселен, бізде сүт өінімдерін өндіруді ұлғайту бойынша әлеует жоғары, өйткені сүт өнімдері жыл сайын сырттан  шамамен 200 млн АҚШ доллары көлемінде тасымалданады. Егер отандық фермерлер мен өңдеуші кәсіпорындарды қолдасақ, онда ипорт көлемін айтарлықтай қысқартып, қаражатты мемлекет ішінде қалдыра аламыз. Сүт өндірісін өсіру әлеуеті СҚО, Ақмола, Қостанай, Алматы облыстарында жоғары. Мемлекеттік қолдауда мал шаруашылығындағы сүт бағытын дамыту басымдыққа айналуы керек», – деді  ҰКП Агроөнеркәсіп кешені комитетінің төрағасы.

 Осы ретте ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін ет бағытындағы мал шаруашылық басымдықта. Алайда жылына 60 мың тонна ет экспорттау межесі әл орныдалған жоқ. Осы мақсатқа ет бағытындағы 60 мың бас ірі қара шетелден әкелінген болатын.

 ҰҚП басшысы Тимур Құлыбаев АӨК комитеті басшылығына  ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту бағдарламасын, мал шаруашылығының өнімділігін, азық-түлік қорларының жай-күйін, мал шаруашылығы мамандарының қолжетімділігін талдауды,  сондай-ақ шыққан нәтиже бойынша ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.

Кездесу барысында республиканың мамандануы – дәнді дақылдарды өсіру мәселесі  талқыланды. Қазақстан бидай мен ұнды экспорттаушы жетекші елдер қатарында болғанымен дәнді дақылдардан макарон өнімдері, глютен, крахмал, биоэтанол жасау сынды терең өңдеуді дамыту керек. Бұл қазақстандық экспорты ауқымын кеңейтіп, жоғары қосылған құны бар өнім шығаруға жол ашады.

  Мемлекеттік қолдау және «Атамекен» ұсынған шаралар арқылы коопартивтік қозғалыстың үлкен әлеуетін жүзеге асырып, отандық азық-түлік өндірісін ұлғайтуға болады. Ол үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, тасымалдау, сақтау, өткізу және өңдеуді қамтамасыз ететін инфрақұрылымды құру қажет. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері дамуының перспективалық бағыттары олардың көтерме-бөлшек сауда орталықтары жұмысына белсенді қатысуы, сондай-ақ өңдеуші кәсіпорындармен бірлесуі болмақ.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер