«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Өткізілетін шикізаттың сапасын 2019 жылға дейін арттыру...

2018 жылғы 06 Наурыз
- Қарағанды облысы
6719 просмотров

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының алаңында Қазақстанның сүт одағы фермерлік қожалықтардың қатысуымен республикалық жиналыс өткізді. Кездесуде өңірдегі сүтті қайта өңдеудегі түйткілді мәселелер көтерілді. Бұл одақ республикада сүт өнімін өндірушілерді біріктіреді, оның құрамында 31 зауыт та бар.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшиннің айтуынша, сүт желісі эпидемологиялық бағыттың бірі болып отыр.

«Қазірде бақылаудың қауіп-бағытталған үлгісін енгіздік, кәсіпорынның қауіптілік бағасынан кейін тексеру жүргізіледі. Осылайша тексеру шамамен 2 есеге дейін азайды. Біз бизнеске көмек көрсетіп отырмыз», – деді Жандарбек Бекшин.

Қазақстан сүт одағының тең төрағасы Аида Сапарғазина түйткілді мәселелерге қатысты түсінік берді. Бүгінде Қазақстан үшін сапа мәселесі – бәсекеге қабілеттілік мәселесі.

«ФАО көмегімен талдау жасадық, жеткізілетін сүттің 80% Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкес келмейтіні анықталды. Қазіргі таңда Ауыл шаруашылығы министрлігі 2019 жылға дейін ауыспалы транзиттік кезеңге қол жеткізіп берді. Уақыт тез өтеді, қайта өңдеуге өткізілетін шикізаттың сапасын жақсартуымыз керек», – дейді Аида Сапарғазина.

Мұнымен қоса, санитарлық талап нормаларында да ауытқушылық бар екенін атап өтті. Келекште ұлт саулығына айтарлықтай әсер ететін антибиотиктерді көп қолданудыңда зияндығына тоқталды.

«Нәтиже» компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы Ерлан Әшімов түсіндіргендей, сүтке антибиотик екі жағдайда қосылады. Бірі сиырдың желіні жарылғанда және стирилдеу мақсатында қолданылса, екіншісі сауықтыру үшін пайдаланылады. Мұндай жағдайда Ерлан Әшімовтің айтуынша, 3-10 күндей күтіп, сүтті қабылдау орнына тапсырмау керек. Мұнымен қоса. Сүтті қайтару тыныш өтпейді, өзіндік күрделілігі де бар.

«Нәтиже» компаниялар тобы Түркияда шығаратын арнайы сауатын аппарат сатып алуды ұсынып отыр.

«Бүгінде антибиотиктің 4 түрін анықтай аламыз. Ол үшін арнайы жабдық сатып алдық, әркез сүттің сапасынан шошынып отырмыз. Бұл шағын ғана емес, ірі фермаларға да қатысты. Егер ұлт саулығын расында да ойласақ, күш салып осы мәселені шешуіміз керек», – деп тұжырымдады Ерлан Әшімов.

Ерлан Әшімовтің сауалына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Тағам өнімінің қауіпсіздігі басқарамасының басшысы Александр Разаренов жауап беріп, қазіргі таңда осы мәселеге бойынша жою және алдын алу құралдары бар, жобалық кеңсе құрылып жатқанын айтты. Сондай-ақ аталған мәселені басшылыққа жеткізуге уәде берді.

Тұқымдық-селекциялық жұмыстағы жаңашылдық пен инвестициялық шығынды қайтару туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Агррөнеркәсіп кешені департаментінің басқарушы директоры Ербол Есенеев баяндады.

«Салалық қауымдастықпен бірлесе отырып айтылған ұсыныстарды топтастырып, Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдаймыз. Сондықтан құжатпен мұқият танысуларыңызды сұраймыз», – деп хабарлады Ербол Есенеев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер