«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Ақтоғайда 1300-ден астам кәсіпкер кеңес алды

2017 жылғы 11 Қазан
- Қарағанды облысы
2858 просмотров

Ақтоғай ауданында өңірлік кәсіпкерлер палатасының есеп беру жиыны өтті

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының өңірдегі филиалдарының есеп беру кездесулері әлі де жалғасуда. Ақтоғай ауданы бойынша есептік кездесуге Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы диреткорының орынбасары Мұқашев Саламат Бахытұлы,  Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары Аманжолов Абылай Бағылұлы, жергілікті атқарушу органдар мен кәсіпкерлер қатысты.

Бүгінгі таңда аудан бойынша жалпы халық саны 18 мың адамның, 3 мыңнан астамы кәсіпкерлікпен айналысады. Жалпы аудан бойынша өндірістің негізгі ұйытқысы – 1 ірі және 3 орта кәсіпорынның еншісінде.  Аталмыш төртеуі 8 айдың ішінде құны 20342,4 млн. теңге өндіріп, жалпы 86,9 пайыздық көрсеткішті құрады.

Филиал директоры Серікбол Дәкәрімнің есебіне сәйкес, аймақтағы кәсіпкерлерге қолдау көрсететін орталыққа 361 адам нақты қызмет бойынша жүгінсе, 1300-ден астам кәсіпкер кеңес алды. Сонымен қатар, осы уақыт аралығында мемлекеттік органдар тарапынан 4 қаулы-жобаға сараптамалық қорытынды берілді. 141 бизнес-жоспар тегін дайындалып, оның ішінде «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 129 жоба жүзеге асты.

Кәсіпкердің құқығын қорғауға қатысты құны 298 800 теңгеге еселенетін 2 өтініш Кәсіпкерлер палатасының қолдауымен оң шешімін тапты.

Ауылды аймақтарға арналған «Бастау Бизнес» қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы Ақтоғайда сәуір айынан бастап жемісті жұмыс жүргізіп келеді. Күні бүгінге дейін 4 ағымның қорытындысы бойынша 70 адам қолына бизнес біліктілікті айғақтайтын сертификат алды. Оның ішінде сәтті әзірленген бизнес-жобалар несиеге қол жеткізді. Әзірге бұл сомма 80 миллион теңгені құрап отыр. Әлі де IV, V, VI ағымдардың нәтижесі жыл соңы мен 2018 жылдың басында шығуы керек.   

Сондай-ақ, кәсіпкерлерді мазалап жүрген бірнеше проблемалық сұрақтар ортақ талқыға салынды. Мәселен, «Алаш» кооперациялық шаруашылығы бордақыланған малдың етін өткізетін орын таппауда. Ауданда 645 фермердің 30 пайызын зейнеткерлер құрап отыр. Ал зейнеткерге несие беру жағы заңмен қарастырылмаған. Осы орайда мемлекеттік несие бөлу бағдарламасына зейнеттегі кәсіпкерлерге де несие алу мүмкіндіктерін қарастыруды өтінді. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер