«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағандыда бухгалтерлердің кәсіби қауымдастығы құрылды

2017 жылғы 17 Қаңтар
- Қарағанды облысы
10491 просмотров

Бухгалтерлер клубына облыстағы барлық бухгалтерлер қатыса алады

Бухгалтерлер клубы облыстық Кәсіпкерлер палатасының жанынан құрылып, бейіндік қауымдастықтар мен кәсіпорындардың бухгалтерлерін біріктірді. Заңнамадағы кез келген өзгерістерді, салықтық есеп-қисаптарды олар жедел және кәсіби түрде талқылап отырады.

Клубның басты міндеті – өңір бухгалтерлерінің бухгалтерлік есеп, салық салу, қаржылық есеп салаларындағы біліктілігін арттыруға және оларды кәсіби тұрғыдан дайындауға көмектесу. Палата сарапшылары мен шақырылған мамандар бухгалтерлік істің ең маңызды тұстарын түсіндіріп береді.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ернар Құлпейісов мұнда бухгалтер ағымдағы шаруалар мен жұмыс тетіктерін талқылап қана қоймай, қолданыстағы заңнамаға өзгерістер де енгізе алатындығын атап өтті.

«Бухгалтерлер – негізінде, кәсіпорындарда басшыдан кейінгі екінші маңызды адамдар. Сондықтан ол маман салық және еңбек заңнамасындағы соңғы өзгерістер туралы, қай жерде үнемдеуге болатынын және қалай үнемдеу керек екенін біледі. Кез келген аудит кәсіпорынның шаруашылық қызметін зерттейді, ал бухгалтерлік қағаздардағы әртүрлілік компанияның тұрақтылығына міндетті түрде әсер етеді. Ал Палата өңірдегі бизнестің тұрақтылығы мен кәсіпкерліктің дамуына аса мүдделі», – деп атап өтті Е.Құлпейісов осы бастама туралы айта отырып.

Айта кетерлігі, кәсіпкерлер көбінесе Палатаға салыққа қатысты мәселелер бойынша жүгінеді. Кәсіпорын бухгалтерлері өздерінің дұрыстығын дәлелдеулері қажет, ал ол үшін заңнаманы ғана білу аздық етеді, сонымен қатар тәжірибелік ақпараттарға да қанық болулары тиіс. Олар Бухгалтерлер клубында білімдерімен және жеке практикасындағы  тәжірибелерімен бөлісе алады.

Палатада бухгалтерлер екі кездесу өткізіп үлгерді, сол жиындарда салық заңнамасындағы өзгерістер қызу талқыланды. Кәсіпкерлерде кассалық-бақылау аппараттарына қатысты проблемалар әлі шаш-етектен. Оларды барлығы бірдей орнатып үлгермесе де, әкімшілік айыппұл салу қаупі бар, бизнесмендер оған жол бермеулері керек.

Кездесуге сарапшы ретінде кәсіби тренерлер мен аудиторлық компаниялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылады. Сондай-ақ Қарағанды облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары клуб жұмысына тұрақты түрде қатысып отырады, қателіктерге жол бермеу үшін, бухгалтерлер кейбір түсініксіздеу сұрақтарды оларға тікелей қоя алады.

«Палатада айына бір рет өтетін Клуб жұмысы пікірталас және ағарту сипатында болады. Біз кездесулер туралы хабарламаны әлеуметтік желідегі https://www.facebook.com/rppkaragandy парақшасында жариялаймыз, сондай-ақ базамыз арқылы хабарландырулар жібереміз. Клуб жұмысына барлық бухгалтерлер тегін қатыса алады. Ал облыс орталығынан жырақтағы бухгалтерлермен бейнеконференция арқылы байланыс орнатамыз», – деп мәлімдеді Ернар Құлпейісов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер