«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіпкердің жанайқайына кім құлақ асады?

2016 жылғы 22 Желтоқсан
- Қарағанды облысы
7710 просмотров

Өзгертілген үкімді дұрыс түсіндірмегендіктен, кәсіпкер шаш-етек шығынға батып, бизнесіне жабылу қаупі төніп тұр

Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің желтоқсан айындағы отырысында белгілі бизнесмен Владимир Крючковтың шағымы қаралды. Көктемгі су тасқыны кезінде, бөгеннің жарылуы салдарынан Көкпекті ауылындағы су тасқынына кінәлі деп танылған, су бөгенін жалға алушы Владимир Крючков бірінші инстанциядағы сот шешімімен үш жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда аппеляция алқасы үкімді өзгертіп, оны 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарған. Ал, зардап шеккендердің 1,3 миллиард теңгеден астам соманы құрайтын азаматтық талаптары сот тарапынан қанағаттандырылмады. Олардың материалдық шығынды өтеу туралы өтініштері азаматтық сот ісі тәртібінде қаралатын болған.

Құрылтайшысы Владимир Крючков  болып саналатын «Табиғат XXI» және «Сантехпром» ЖШС мүлігіне, қылмыстық тергеу басталған кезде-ақ сотқа дейінгі органдар тыйым салған екен. 

«Қылмыстық іс аясында, Владимир Крючков  тарапынан мүлік шағымдарын қанағаттандыру мақсатында, оның мүлкіне тыйым салынған.  Апелляциялық инстанция Крючков ісін қараған уақытта, сот мүліктік шағымды қанағаттандырмаған. Енді оларды жекелей қарап, азаматтық процесс барысында дәлелдеуге тура келеді. Апелляциялық сот үкімінде мүлікке салынған тыйым алынып тасталғаны немесе қандай да бір негізде қалдырылғаны туралы ескерту болуы тиіс еді. Алайда оның бәрі жабулы күйінде қалған», – деп мән-жайды түсіндірді Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Игорь Кветинский.

Аталған тыйымның салдарынан, кәсіпкер түрлі келісімшарттар бойынша 100 мың еуроға жуық қарызға батқан.

«Мен 1,6 миллион  теңге көлемінде айыппұл төлеу арқылы сот алдындағы өз міндеттерімді орындадым. Қалғанының бәрі – азаматтық іс қағаздар. Сот менің үстімнен шағым түсіргендердің әрқайсысының материалдық шығын көлемін анықтауы тиіс еді.  ЖШС мүлігіне әлі күнге дейін тыйым салынып отыр. Бұдан, ең алдымен, кәсіпорын зардап шегуде. «Сантехпром» ЖШС жағдайы тіптен мүшкіл. Соған қарамастан, жоқтан бар жасап келеміз. Октябрь ауданы үшін маңызы зор кәсіпорынға жабылу қаупі төніп, 350-ге жуық адам жұмыссыз қалайын деп тұр. Қазіргі таңда жеткізушілерге шикізат және қондырғылар үшін тиісті қаражатты төлей алмай отырған жайымыз бар. Осылайша тығырыққа тірелдік», – деп шағымданды Владимир Крючков.

Тыйымды өздігінен алып тастау мүмкіндігі жоқ болғандықтан, кәсіпкер сотқа шағым түсірген. Алайда оның өтініші заңға сәйкес емес деген желеумен қанағаттандырылмаған. Бұл ретте, кәсіпкерге қаулының орнына, соттан хат келген көрінеді.

«Біз хатты алған соң мәселені осы жерде шешу туралы шешім қабылдадық. Мүмкін прокуратура аталған жағдайды өз бақылауына алатын шығар. Біз сіздердің қолдау көрсететіндеріңізге сенеміз»,– деді В.Крючков.

Отырыс қорытындысы бойынша, аталған мәселені облыстық прокуратурада арнайы жұмыс тобы қарайтын болып шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер