«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Төлеміс Шотанов: «Атамекен» – шетелдік инвестордың сенімді серіктесі»

2016 жылғы 09 Желтоқсан
14130 просмотров

ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Қазақстанға шетелден қаржы тартудағы Ұлттық палатаның рөлі туралы айтып берді

– Төлеміс Садықұлы, Қазақстандағы қазіргі бизнес-климатқа қандай баға берер едіңіз?

– Елдегі бизнес жүргізудің қолайлылығын бағалайтын түрлі халықаралық рейтинг агенттіктері бар. Солардың бірі – «Doing business». Осы рейтингте Қазақстан Палатаның атсалысуымен 35-орынға көтерілді. Екі-үш жыл бұрын біз 77-орында болған едік, кейін 51-орында, яғни қазіргі таңда Қазақстанда бизнес жасау өте оңай. №1 міндет – бизнесмендерге барынша жайлы жағдай қалыптастыру екенін Елбасы үнемі айтып келеді.

– Шетелік инвесторлар біздің елімізде өздерін қаншалықты жайлы сезінеді және шетелдік капитал тартуда Ұлттық палата қандай рөл атқарады?

– Қазақстанға келіп жатқан барлық инвестициялар қорғауға алынған. Ұлттық палата ретінде біз бұған белсенді түрде қатысамыз. Инвесторға не қажет? Бейтаныс елге келгенде, оған өз инвестицияларының талан-таражға салынбағаны қажет. Екіншіден, оған өткізу нарықтары керек. Үшіншіден, ол нақты тәжірибелік көмек қажет етеді, өйткені шетелдік инвесторда түрлі сауалдар туады, қандай да бір кедергілер, заңнама жағынан түсініксіз жайттар және тағы басқа болуы мүмкін. Міне, осы тұста оған осы мәселелердің барлығын шешуге көмектесе алатын серіктес керек болады. Қазақстан 2015 жылдың қортындысы бойынша 14,7 млрд доллар, ал 2016 жылдың 1-жартысы қорытындысы бойынша 4,3 млрд доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартқан. Жалпы алғанда, соңғы 10 жылда Қазақстанға 222,4 млдр долларға тең шетелдік инвестициялар құйылған. Тікелей шетелдік инвестициялардың жан басына шаққандағы көрсеткіші бойынша Қазақстан ТМД-да ғана емес, Шығыс Еуропа бойынша да алдыңғы орындарды иеленеді. Бізде ешқандай инвестордың жылжымайтын мүлкі, жекеменшігі талан-таражға ұшыраған жоқ. Барлық инвесторлар қорғалған. Екіншіден, өткізу нарықтары бойынша. Бізде өте жақсы өткізу нарықтары бар. Мысалы, біз мүшелік ететін Еуразиялық экономикалық одағы. ЕАЭО экономикасының жиынтық көлемі 2 трлн АҚШ долларынан асады және халқының саны да 180 миллионнан астам, бұл бизнестің кемел келешегіне кепілдік береді. Бұл дегеніміз – алып нарық! Бұдан бөлек, бұл – тауарлардың баж салығынсыз тасымалдануы.  Оған қоса, қазіргі таңда тауарларды Қытайға экспорттауды көздеп отырмыз. Сонымен қатар, Қазақстан жағрапиялық жағынан өте жақсы жерде орналасқан. Үшіншіден, шетелдік инвестор келді делік, оған бірыңғай терезе қажет. Мысалы, мен келдім, маған барлығы беймәлім: мен бұл елдің заңдарын білмеймін, мәдени ерекшеліктер бар, мемлекеттік органдармен өзара қатынас қалай. Осы тұста сізге Палатаның көмегі қажет болады. Сіз біздің еншілес құрылымымызға, Сыртқы сауда палатасына барасыз, біз сіздің жобаңызды сүйемелдейміз.

– «Атамекен» ҰКП Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы туралы айта кетіңізші. Ол инвесторға қай жағынан пайдалы?

–Мәселен, инвесторға Өзбекстанға немесе басқа ТМД елдеріне қарағанда Қазақстан несімен қызық екенін білу қажет болды. Осы тұста оған көмекке келетін тамаша ресурс бар – Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы. Www.businessnavigator.kz сайтында Қазақстанның кез келген өңірін таңдап, тетікті басу арқылы ол жақта қанша адам тұратынын, ондағы экономиканың құрылымын, жан басына шаққандағы халықтың табысын, қорлары мен логистикасын көруге болады. Яғни әлеуетті инвестордың Қазақстаннан жырақта жүріп-ақ барынша толық ақпарат алуына, инвестицияларының қорғалатындығына және оған қолдау көрсететін Ұлттық палата сияқты сенімді серіктесі бар екеніне сенімді болуы үшін барлық жағдайды жасап жатырмыз.

Жалпы алғанда, Қазақстан тағы несімен тартымды – бізде пайда өте жоғары. Бізде тек қана коммерциялық банктер ғана депозиттерге 15% береді. Ал бизнестегі кіріс 30%-ға жетуі мүмкін. Мұндай пайда Еуропа елдерінде жоқтың қасы. Егер қаржыны сауатты түрде инвестициялайтын болса, бізде тартымды секторлар өте көп.

Қазақстанда 130-дан астам ұлттың өкілдері тұрады, елімізде тыныштық орнаған, барлығымен жақсы қарым-қатынастамыз – бұл да саяси тұрақтылық факторы. Бізде әлеуетті инвесторлардың қызығушылығын тудыруға қажеттінің барлығы бар.

– Қазақстанның дамуы үшін, экономикадағы қай секторлардың келешегі жарқын деп есептейсіз?

– Қазақстанда бір мәселе бар – экономикамыз өңдеуші секторға қарай бет бұрды. Бүгінгі таңда біз шетелдік серіктестермен шағын және орта бизнес кооперацияларын құру арқылы, шикізаттық емес экспортты дамытуды көздеп отырмыз. Қазақстанда агроөнеркәсіп секторының – азық-түлік өнімдерін, түрлі ауылшаруашылық дәнді-дақылдарын өндірудің,мал шаруашылығының келешегі зор деп есептеймін. Одан кейін, бізде шикізатты өңдеудің келешегі кемел. Әзерге, Қазақстан, негізінен, шетелдік нарықтарға өңделмеген шикізаттар жеткізеді. Машина жасау саласы да әлеуетке ие.

– Әлемде болып жатқан санкциялық шаралар Қазақстанның сыртқы нарығына қалай әсер етті?

- Қазақстан санкциялық тізімге кірмейді. Түрлі ұстанымдар бойынша Ресей Федерациясы санкцияларға іліксе де, ол Қазақстанға таралмайды. Бұл осыған дейін Ресейге тікелей жеткізіліп келген тауарларды Қазақстан арқылы   экспорттауға жақсы мүмкіндік. Яғни қазақстандық серіктестердің қатысуымен қандай да бір қосымша бағалар жасауға болады, шекаралар да ашық. Бұл керемет мүмкіндік.

– Ал логистика?

– Қазір өте үлкен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасын дайындап жатырмыз. Біз Қытай мен Батыс Еуропаны байланыстырғымыз келеді. Қазақстан жақсы жерде орналасқандықтан, Қазақстан арқылы өтетін транзит бизнес үшін өте тиімді тақырып. Барлық тасымал ағындарын талдау жасадық: Батыс Қытайға жүкті теңіз арқылы тасығаннан гөрі, Қазақстан аумағы арқылы жеткізу жеңілірек екен. Бұл әлдеқайда арзан, әрі жылдам іске асады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер