«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Құрылыс сапасына жауапкершілік қажет

2016 жылғы 10 Қараша
- Қарағанды облысы
7923 просмотров

Құрылыс қарқынды жүріп жатқанмен, қауіпсіздік мәселесі ақсап тұр

Құрылыс саласындағы көптеген түйткілді мәселелерді оны жүзеге асыру барысында шешуге болатыны анық. Осыған байланысты, Қарағанды облысының құрылысшылары Сәтпаев қаласына қоныс аударатын тұрғындарға арналған баспана салу кезінде, бірқатар түйткілді мәселелермен бетпе-бет келген екен. Олардың айтуынша, қалада техникалық су тапшылығы орын алып отыр. Сондай-ақ судың сапасы да сын көтермейтін көрінеді. Тапсырыс берушілер мұны Жобалық-сметалық құжаттаманы жасауда ескермегенге ұқсайды.

«Мәселен, жабық жылу жүйесі бар жаңа баспана салынып жатыр. Дәл осы себепті, әр үйде техникалық суды пайдалану көлемі барынша азаймақ. Бұл өз кезегінде, судың жылу алмасу жүйесі арқылы, үйлерге таза күйінде жетуіне жол ашып отыр. Ал бұл автоматты түрде үйлердің ішіндегі ажырату қызметінің мерзімін арттыруға әкеліп соқтырады. Бірақ ЖСҚ бойынша баспананы салу барысында жылу берудің ашық жүйесі мен жылытудың шойын радиаторлары пайдаланылған. Бұған негізгі себеп ретінде жауаптылар: «болат радиаторлар біздің судың сапасын көтере алмайды, ал жабық күйдегі жылыту жүйесі мен жылуды алмастыру жүйесін жөндей алатын мамандар бізде жоқ» деп отыр екен. Осы орайда, шойын батареялардың ескіргенін, ал алюминий және биметалды радиаторлар қауіпсіздік ережелеріне сай келмейтінін, адамдарға қауіп төндіріп қана қоймай, қиындықпен тазартылатынын ескерген жөн», – деді Қарағанды облысы Құрылысшылар қауымдастығының директоры  Нәйля Қайырбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Жезқазған өңірінде Жезқазған ауылы мен оған жақын орналасқан – Крестовский, Весовая, Перевалка және ГРП елдімекендері тұрғындарына қатысты қоныс аудару жобасы жүзеге асырылып жатыр. Жойылу санатында тұрған елдімекен тұрғындары Сәтпаев қаласына көшіріледі деп жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, моноқалада қоныс аударушыларға арналған баспаналар  да бой көтеріп келеді. Облыс әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі күні қоныс аударушыларға пәтер салу және оны сатып алу мақсатында, облыс бюджетінен миллиардтан астам теңге жұмсалған екен.

Алайда, құрылыс нысандарының сапасы қандай болмақ? Оған кім жауап береді?

«Жергілікті әкімдіктер осындай олқылыққа жол бергендері үшін жауапты болуы керек. Ал құрылыс бөлімі ЖСҚ-ға тендер өткізуде тапсырыс беруші болып саналғандықтан, әрбір жаңа құрылысқа қатысты кешендерді қарап, арасындағы ең тиімдісін таңдауы  қажет», – дейді Н.Қайырбекова.

Сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің есебінен салынатын білім беру және денсаулық сақтау саласы нысандарының қауіпсіздігі мен тазалық мәселелері де кезек күттірмейтін проблемалардың бірі болып отыр. Себебі ЖСҚ дайындар кезде жылыту жүйесінің тазалығы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптар ескерілмейді екен.  Нәтижесінде, балабақшалар мен ауруханаларда, бағасына қарай таңдалған шойын батареялар орнатылып келеді.

Құрылысшылар әлеуметтік маңызы бар нысандар құрылысына бөлінген бюджет қаражатын тиімді жұмсаған жөн деп санайды. Бұл ретте, олар мәселе оң шешімін табады деген сенімде.  Әсіресе, аталған тарап өкілдері техникалық тапсырмаларды құру барысында шенеуніктердің жауапкершілігін арттырған жөн деп отыр. Десе де, бұл тұрғыда жауапкершілік әр тарапқа – құрылысшыларға да, тапсырыс берушілерге де міндеттелуі тиіс дейді құрылыс компанияларының өкілдері.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер