«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Дала тазалығына кім жауапты?

2016 жылғы 27 Маусым
- Қарағанды облысы
11074 просмотров

2013 жылы кәсіпкер Абай Зікіров қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигон ашуға 20 миллион теңге салған

Барлық қажетті құжаттарды алуға оның 4 жылға жуық уақыты кеткен.

«ҚТҚ көмуді қолға алғанға дейін ауыл тазалығы туралы ешкім де бас қатырмаған. Жүк көліктері тұрмыстық және өнеркәсіптік қоқыстарды ойларына келген жерге төге салатын, айналаның бәрі қоқыс үйіндісіне айналуға шақ қалған. Мен полигонға арнап 116 га жер алдым, шұңқыр бар, қоқыстар сұрыпталып, көміледі. Үш жыл бойы өтініш айтып мен аудандық мәслихатқа жүгінумен болдым, ол қабылдау тарифтерін бекітуі керек еді, алайда олар бір ғана кәсіпкердің тарифтерін қарағысы келмеген болар. Сондықтан, мен текше метріне 500 теңге көлемінде бекітілген облыстық бағалар негізінде  ҚТҚ-ның бір текше метріне 300 теңге деген баға бекіттім», – дейді кәсіпкер. Ал қазір, іс алға басқан кезде, жергілікті ауылдық қоғамдық кеңес кәсіпкерден полигоннан тыс жатқан жерлердегі аумақтың тазалығын талап етуде. Өзінің кезекті отырыстарының бірінде кеңес мүшелері тіптен А.Зікіровті «таяу арада полигонда жұмыс жасауға арналған техника сатып алуға және қоқыстарды қабылдағаны үшін міндетті түбіртек беруді қамтитын тарифтер бекітуге» міндеттейтін «шешім» шығарған. Кәсіпкердің өзі ауылдық әкімдік мектептер, ауруханалар, әкімдік секілді мемлекеттік мекемелер қоқыстарын тегін қабылдауға көндіргісі келеді деп мәлімдеуде.

«Ең көп қоқыс көлемі дәл осы мекемелерге тиесілі, мен бизнес субъектісімін және неліктен мен ҚТҚ-ны тегін қабылдауым керек? Доскей ауылдық округінде 10 мекеме бар, тұрғындар саны да көп емес. Ал полигон пайда болғанға дейін қоқыс иен далаға  тасталатын. Ол мемлекеттік қаражатқа емес, жеке қаражатқа салынған, ал мен күнкөріске ақша табуым керек», – деп наразылығын білдірді кәсіпкер.

Алайда екі апта бұрын ауылға жаңа, әлі мәселенің анық-қанығын білмейтін әкім тағайындалғандықтан, кесімді жауап әлі де берілмей отыр. Ал жергілікті қоғамдық кеңес төрағасы Жомарт Хамитжанов ауыл маңы тазартылмаған, пакеттер шашылып жатқандығына өте наразы. Алайда ол бақылау органдарына шағым айтпаған. Кәсіпкер болса, аталған қоқыстарды заңды түрде көму үшін ақы төлегісі келмей, рұқсатсыз қоқық үйіндісін жасап отырғандар тастаған қоқыс деп отыр. Сонымен бірге, ауыл белсенділері Абай Зікіровтан «даладағы және Дөскей ауылы маңындағы жолдар бойындағы рұқсатсыз қоқыс үйінділерін бақылау» бойынша жасалған жұмыс туралы апта сайын есеп беруді талап етуде.

Құқықтық бөлім сарапшысы Игорь Кветинский жергілікті кеңес әрекеттерін кәсіпкердің шаруашылық қызметіне килігу деп бағалап отыр.

«Жергілікті мемлекеттік және өз бетінше басқару туралы» заңның 39-4 бабының негізінде жергілікті басқару органдары өз қызметін жүзеге асыру кезінде жалпы мемлекеттік ішкі және сыртқы, оның ішінде қаржылық және инвестициялық саясатқа сай келмейтін шешімдер қабылдауға жол бермеуі тиіс», – деп түсіндірді заңгер.

Абай Зікіровтың проблемасын Қарағанды облыстық прокуратурасына қарасты жұмыс тобында қарау шешімі шығарылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер