«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жаңа тәжірибе: қашықтықтан қаралатын қылмыстық іс

2015 жылғы 17 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
12091 просмотров

Көктемгі жаймашуақ кештердің бірінде Абай қаласындағы спорт кешендерінің бірінде жастар демалып жатқан болатын. Олардың арасындағы қыздардың бірінің телефоны қолды болады. Екі айдан кейін аталмыш кешен иесі Виктор Приходько ұсыныс хат алады, онда кешенде орын алған ұрлық дерегі бойынша кәсіпкерге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғаны көрсетілген еді. Хабарламаға сәйкес, ол қылмыс жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға сеп болатын мән-жайларды жоюға тиіс болады, яғни қадағалау камераларын орнатып, келушілердің құнды заттарын сақтау үшін ұяшықтар қоюға тиіс екен.

Органдардың талаптарын толық адекватты деуге болар еді. Тек бұл шаралардың барлығы «Атлантик» спорт кешенінің ғимаратында қылмыс жасалғанға дейін біраз уақыт бұрын жасалып қойған еді. Спорт кешенінде ішкі және сыртқы бақылау камералары орнатылған, сейф те бар, 2010 жылы құрылғаннан бері тәулік бойғы күзет қамтамасыз етілген. Бұл туралы полиция қызметкерлеріне де белгілі және олар осында түсірілген кадрларды қолданған да еді.

Кәсіпкер кәсіпкерлік субъектілерін ішкі істер органдарының әкімшілік жауапкершілікке тартуының заңдылығы жайлы мәселемен Кәсіпкерлер палатасына жүгінеді.

Анықталғандай, сот ісі жергілікті органдардың жеке «бастамасымен» басталған екен – жәбірленуші Абай ауданы ІІ басқармасына өтініш бермепті, және де тіпті В.Приходько жеке кәсіпкерлігіне еш шағымы жоқ.

Бұл өтініш Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің қыркүйек айында өтетін отырысының күн тәртібіне кіргізілді. Отырысқа қатысушы, Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңес мүшесі Антонина Киздарабекова «Абай ауданында қылмыстық істер қашықтықтан қаралатын шығар» деп шамалады. Кәсіпкерге неге осылай жасайды, деген сауалға облыстың ішкі істер департаменті басқарма бастығы Нұрлан Рахымбеков жауап беруге тырысты. Оның айтуынша, кәсіпкер атына ұсыныс, шынымен де, «қашықтықтан», оқиға орнына бармастан шығарылғанын біледі. Отырыстағылар Абай ауданы ІІД тергеу бөлімі бастығының әрекетіне прокуратураға шағым жолдауға шешім қабылдады.

Кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұлдар бойынша қарыздарды жабу туралы хабарлама негізінде кәсіпкерлерге тағы басқа да қылмыстық істер және камералдық кедендік тексеріс актісі басталған. Жеке кәсіпкер Тимур Елубаев «Шанчи» және «Центр Китай Техника» ЖШС Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік табыс департаментінен хабарламалар алған. Ол бойынша сәйкесінше жалпы сомасы 24 369 495 теңге және 48 844 406 теңге болатын қарыздарды жабу қажет. Кеңес отырысы барысында айыппұлдардың не үшін салынғаны және олардың қаншалықты заңды екені талданды.

Кәсіпкер Тимур Елубаев хабарламалардың кедендік тазалаудан кейін, оның үстіне 3 жылдан кейін келгенін жеткізді. Екі кәсіпорын да арнайы техника жеткізумен айналысады. Қарызды жабу туралы хабарлама жасауда негізге алынған камералдық тексеріс актілерінде 2012-2013 жылдары «Қытайдан республиканың кедендік аумағына Шанчи ЖК және «Центр Китай Техника» ЖШС, «Xinjiang Zong Yao international Trading Co., Ltd» (Қытай) және «Xin Jiang Rong Feng automobile Trade Co., Ltd» (Қытай) фирмаларымен жасалған келісімшарттарға сәйкес, SHACMAN өзі аударғыш жүк машиналары, автотартқыштар әкелінгені» айтылған. Сонымен бірге әкелінген мүліктердің барлығына декларациялар ресімделгені, ал тіркелген құжаттар бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың толық көлемде төленгені аталады.

Алайда кедендік бақылау департаменті мәлімдеген тауарларды шығарғаннан кейін тауарлардың кедендік құнын тексеру кезінде Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын белгілеу туралы Келісімді бұзу анықталады. Яғни дәйексіз әрі расталмаған ақпаратты беру, сонымен қатар тауар құнын қате белгілеу.

Кәсіпкерлер палатасы заңгерлері тарапынан мән-жайды алдын-ала анықтау барысында кеден органының істі қарау кезінде дәлел ретінде жалған әрі жасанды құжат ұсынғаны белгілі болды. Ол қытайлық SHAANXI HEAVY DUTY AUTOMOBILE фирмасының бір ғана SHACMAN автомобилі үшін 49500 АҚШ долларын көрсеткен хаты болатын. Ал қарағандылық кәсіпкерлер өзі аударғыш көліктерді 20 000 АҚШ долларына жеткізген. Дей тұрғанмен, сот бизнесмендердің талап арыздарының талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім шығарады.

Кеден органы қылмыстық істер аясында әкімшілік полиция органдарына үстеме есептеулер жасалған барлық автокөлік құралдарын қолдануға шектеу қою туралы өкім жолдайды. Бірақ әкелінген автокөлік құралдарының сатылып кеткені және Шанчи ЖК мен «Центр Китай Техника» ЖШС емес, үшінші тұлғалар меншігінде екені назардан тыс қалады. Автокөлік құралдарын тәркілейтіндей олар контрабанда мәні болып табылмайды, барлық құжаттары түгел болғандықтан, заттай дәлел де болып табылмайды және дау да қаржылық сипатта.

Аталмыш шектеу кәсіпкерлердің іскерлік беделіне нұқсан келтірді. Жағдай қазір автомобиль иесі атанған, дауға еш қатысы жоқ жандар үшін де түйткіл туындатуымен өршіп отыр.

Кеңес Хатшылығы кәсіпкерлер өтініштерін қарау қорытындысы бойынша облыстық прокурорға деректерді тексеру және мемлекеттік табыс департаменті тарапынан бұзуды жою туралы хат жолдауға шешім қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер