«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Экспортшылар қалауы

2015 жылғы 17 Маусым
- Қарағанды облысы
15719 просмотров

Қарағандылық экспортшының ресейлік бәсекелесі кәсіпорынды «жұтып алу» ниетін ашық мәлімдеді

Экспортшыны шынайы қолдау дегеніміз не?

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Қарағандыда өткен Экспортшылар кеңесінің отырысын аша отырып, экспорттаушы кәсіпорындар түйткілдерін жеткізді.

Палата директоры Мәдениет Божбанов өз кезегінде өңір кәсіпкерлерінде электр энергиясына да, басқа да ағымдағы шығындарға да қандай да бір жеңілдіктерінің жоқтығына назар аударды. Оның айтуынша, ӨКП ҚР Үкіметіне бірнеше мәрте жүгінгенмен, еш нәтиже болмайды. Қол жеткізілген жалғыз нәрсе – бұл темір жол тасымалдауларына деген тарифтердің төмендеуі. Облыстағы жүк көлемі жөніндегі талаптарға сәйкес келетін 6 кәсіпорын осыны пайдаланды.

«Жалпы, біраз мәселе жиналып қалды. Қазір сыртқы экономикалық қатынастар бойынша сапалы операторға зәру болып отырмыз. 180 млн теңгелік KAZNEX INVEST бюджеті біз үшін қолжетімсіз. Осы қаражатты қолдана алатын кәсіпорындар тізбесіне қосылудың жолын көріп отырған жоқпыз», - деп ӨКП басшысы түсінік беріп кетті. Ол сонымен бірге экспортшылардың қандай шығындары қаржыландырылатынын және қаражаттың бөліну қағидаты қандай екенін түсіндіруді сұрады.  

KAZNEX INVEST  басқарушы директоры Ғазиза Шаханованың айтуынша, 180 млн теңгедегі бюджет кәсіпкерлердің көрмелер, жарнамалық акциялар, серіктестік келулерін өткізу, сертификаттау, тауар белгісін тіркеу сияқты шетелдегі шығындарының орнын толтыруға есептелген.

Оның айтуынша, KAZNEX барлық шығындарды бірдей қамтамасыз ете алмайды, осыған орай қаражат тек келіп түскен өтінімдер бойынша бөлінеді.

Әлсіз қамту

Отырыс пікірталас форматында өтеді деп болжанғандықтан, қарағандылық кәсіпкерлер өз түйткілдерін талқылауға белсене араласты.

«Сантехпром» ЖШС бас директоры Владимир Крючков мәлімдегендей, «елімізде қазақстандық мазмұн бойынша бағдарламалар және басқа да қолдау механизмдері жұмыс жасамайды».

«Еліміздің Президенті әрбір отырыста отандық өндірушіге қолдау көрсетуді талап етіп отырса да, компаниямыз бюджеттік құрылысқа қатыспайды. Мысалы, біз, құрылыс саласына қатысушылар, «ЭКСПО-2017» жобалаушысы кім екенін, кімнің ресми салушы екені жайлы хабардар емеспіз. Олар қандай нысандар салады? Қандай мерзімде тапсырылады? Мысалы, «Астана ЭКСПО-ның» радиаторларды $10 миллионға сатып алатынын білемін, ал мен өнімді жылына $700 мыңға экспорттаймын. Ал ел ішінде мүлдем ештеңе сатпаймыз. Неге олай? Жеткізушілер тізіміне қалай қосылуға болады? Неліктен ақша қытайлық не басқа да өндірушілерге кетеді?», - деп тастады сауалын кәсіпкер.

Корпорацияның экспортты дамыту және өркендету жөніндегі өкілі бизнесмен дәйектерімен келісті.

«Бұл түйткіл жайынан хабардармыз. Жауапты органдарға жасаған көптеген өтініштеріміздің нәтижелері бойынша мемлекеттің импортқа мониторинг жүргізбейтінін түсіндік. Өндірісіміздің зардап шегіп жатқанын үнемі жазып тұрамыз: қытайлық қалташалар екі теңгеден, біздікілер - 12. Әрине, біздің тауар бәсекеге қабілетті емес. Оған берілетін жауап барлық жерде бірдей: «иә, стандарт бар, бізде процедура жүріп жатыр, ол үшін осындай қаулыға сәйкес жүгініңіз, өтінімді ресімдеңіз және есептеулер жасаңыз» және т.с.с. Шенеуніктердің осы антипатриоттығы барлық өндірушілерімізді құртады», - деп атады Ғазиза Шаханова.

«Сантехпром» басшысы баға бәсекесі жайлы айта келіп, ресейлік бәсекелестің қарағандылық экспортшыны жойып жіберем деп сес көрсетіп отырғанын мәлімдеді.

«Екатеринбургте бәсекелесім бар. Девальвацияға дейін онымен 15 жыл бойы ресейлік нарықты қалай да бөлістік, өзімізде көшбасшы болдым – Қазақстанда нарықтың 70%-н «ұстап тұрдым». Биылғы жылы қиын жағдай қалыптасып отыр – баға жөнінен жеңіліп жатырмын, ал ол өзінікін әкеліп жатыр – бағасы менің өнімімнің өзіндік құнынан да төмен. Жақында әңгімелескен едік. Ол: «Жыл соңында сені қалай сатып алатыным жайлы келіссөз жүргізетін боламыз», - дейді. Бірдеңе жасау қажет».

Қашанға дейін бөгденің асын ішеміз?

Өңірдегі тағы бір ірі экспортшы «Сұңқар және  К астық компаниясы» жобаға ақша алу түйткілі жайлы сөз қозғады.

Өндіріс жөніндегі директор Алексей Синицын 2013 жылғы желтоқсан айында астық компаниясының «Даму» қорында құны 525 млн теңге болатын жарма цехын іске қосу жөніндегі жобаны таныстырғанын айтты. Алайда қордың ол кездегі лимиті 300 млн болған.

«Қарағандыдағы «Даму» қоының филиалы құжаттарымызды 9 ай қарады. Ақырында ештеңе де ала алмадық. Қарау кезінде әрі қарай жылжыды - кепілгерлікке отбасымды тарта бастады. Ағам мен әйелінің оған қандай қатысы бар? Олардың менің бизнесімен қатысы қанша? Жарна цехы іске қосылмады, ал біздің нарықта жарнаның 85%-ы Ресейде өндірілген. Сонда отандық өндірушілер қандай нарықтан құр қалып отыр?!», - деп ол Қарағанды облысы бойынша «Даму» қоры филиалының директоры Гүлнар Хасеноваға сауал тастады.

Бизнесмен бірден шақырту алды.

«Бір жыл бұрын бюрократиялық сөзбұйдаға салынуы да мүмкін. Қызметіме осы жылдың басында кірістім, сондықтан да жобаңызға тағы бір рет көз салғым келеді. Оның үстіне лимит қазір 1 850 000 000 теңгеге көбейтілген. Тіпті 14% кредитпен қиындықтар туындап жатса, Ұлттық қор арқылы 6 пайызбен қаржыландыру туралы сұраныс жіберетін боламыз», - деді қор филиалының басшысы.

KAZNEX INVEST өкілі кездесуді аяқтай отырып, талқылау қорытындысы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешевке талдамалық есеп даярланатынын мәлімдеді, және де барлық түйткілдер жайлы қажет кабинеттерге жеткізілетініне уәде берді.

Отырыс соңында кәсіпкерлерге жеке мәселелерді шешу мақсатында бейресми келіссөздер үшін қала тұру ұсынылды. 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер