«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Шағын дүкендердің көлемді шығындары

2018 жылғы 02 Қазан
- Қарағанды облысы
6161 просмотров

Қарағанды ​​облысының Кәсіпкерлер палатасында Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері шағын дүкен иелерімен кездесу өткізді. Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлер деректерді беру функциясы бар кассалық аппаратты, мемлекеттік кірістер органның рейдтік тексеруі, Wipon Pro және айыппұл санкцияларын қолданумен байланысты проблемалық мәселелерді көтерді.

Кәсіпкерлер сұрақтарының басым бөлігі лицензиялық алымдардың мөлшеріне қатысты болды. Алкогольді сусындарды бөлшек саудада сатуға лицензияға ие болу үшін белгіленген 100 АЕК – шағын бизнес үшін өте ауыр.

«Біз алкогольді сусындарды сатудан үлкен пайда көрмейміз, бірақ біз ірі дүкендер мен супермаркеттер сияқты бірдей лицензиялық төлемдерді төлейміз. Бізде ірі, орта және шағын бизнес деп градация бөлінген, бірақ лицензиялар туралы сөз болғанда ешқандай айырмашылық жоқ. Алкогольдік сусындардың айналымы көлеміне қатысты бағаларды лицензиялауды енгізу мүмкін бе? Бұл ұсыныстардың бірі, мүмкін дүкеннің  ауданына қарай бөлу керек шығар. Бізге жеңілдік керек.  Сонда біз де дами аламыз», – дейді дүкен иелері.

Шағын дүкендер иелері қызмет түрінің айналымы мен ауқымын ескере отырып, категория бойынша лицензиялық алымды алып тастауды немесе шектеуді ұсынды.

«Алкоголь өнімдеріне қатаң лицензиялық шарттарды енгізу көлеңкелі экономиканы тудырады. Бірақ әселе тереңде жатыр. Біз бұл мәселені бірнеше рет көтердік, әртүрлі сатылымдарға бөлшек саудамен айналысуға лицензиялар төлеу тәсілін өзгерту туралы ұсыныстарымызды жібердік. Енді мәселені Үкіметтің деңгейінде көтермекпіз », – деді Қарағанды ​​облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Геннадий Жмук.

Кәсіпкерлерді жаңашылдықтар да алаңдатады. Мәселен, заңсыз алкогольді ішімдіктерді анықтау үшін «Wipon Pro» қосымшасы әзірленді, оны орнату –саудагерлерге міндет. Дүкен иелерінің айтуынша, бұл қосымша қаржылай ауыртпалық.

«Жыл бойына біз осы бағдарламаға 8 мың  теңге төлейміз. Ол тіркеуді бақылау белгілерін оқымайды, барлық 8 сандарды қолмен енгізу керек, тек уақытты жоғалтып аламыз. Біз осы бағдарламаның операторлары  бағдарламаларын қайта реттеу керек деп есептейміз», – дейді «Ласточка» дүкенінің иесі Юрий Тыль.

Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері, өз тарапынан, ағымдағы жағдайды түсінстікпен қарайтындарын атап өтті. Тек «Wipon Pro» қосымшасы жоқ адамдарға айыппұл салынады.

Өздерін қорғау үшін және заңсыз өнімдермен сауда жасамау үшін саудагерлер жеткізушілерден ілеспе құжаттарды талап етуі керек.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Кәсіпкерлер палатасы микробизнес бойынша инновациялар жүктемесін талдап, уәкілетті органдарға ақпарат жіберіп, Үкіметтік деңгейде айытлған сұрақтарды көтеруге келісті.

Күн тәртібінде онлайн режимінде деректерді беру функциясы бар кассалық машиналарға қатысты басқа да өзекті мәселе қаралды.

Өздеріңізге мәлім, олар әмбебап табыс декларациясына байланысты енгізіледі. Бұл жағдайда Интернеттің жылдамдығы төмен болуы себеп. Кәсіпкер Юрий Тыль кассалық аппаратты орнатқаннан бері 3 провайдерді ауыстырды, себебі олардың әрқайсысы ақыр соңында істен шығып кетті.

Белгілі болғандай, сервисті  «Қазақтелеком» тарапынан қамтамасыз етілген және провайдердің жиі өзгеруі мәселесі бірнеше рет көтерілген. Халық арасында шуды және ықтимал әкімшілік жауапкершілікті болдырмау үшін Палата барлық нәрсені өз қолына алуға және «Қазақтелеком» АҚ өкілдерімен кездесуді ұйымдастыруға, сондай-ақ, орталық деңгейде көтерілген барлық мәселелерді көтеруге шешім қабылдады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер