«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кәсіби бағдар болашақ мамандық таңдауда маңызды

2018 жылғы 14 Мамыр
- Павлодар облысы
12744 просмотров

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір бағыты – «Іскер азамат – ел тірегі» деп аталады.

Аталған бағыт аясында Павлодар облысының №28 орта мектебінде «Мамандықтар шеруі» атты іс-шара өтті, бұл қолданыстағы «Балабақша – Мектеп – Колледж – ЖОО – Кәсіпорын» атты кәсіби бағдар жобасының жалғасы болып табылады.

«Мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлануы – болашаққа жасалған дұрыс таңдау, балаларымыздың өзінше шешім қабылдауының алғашқы қадамы. Біздің мақсат балалар санасына сол қадамның маңыздылығын айту. Өйткені өскелең ұрпақты құбылмалы заманға қарай бейімдеу өзекті мәселе. Прагматикалық, күшті және жауапкершілігі мол Ұлтты қалыптастыру маңызды», – деді ӨКП Адами капиталды дамыту бөлімінің бастығы Бақытжан Ілиясова.

 2017 жылдың сәуір айында Президенттің: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы шыққан болатын. «Ел тірегінің» міндеті –бизнес иедясын қоғамды қайта құру мен жаңғыртуда жаңа қозғаушы күш, ұлт тірегі ретінде жүзеге асыру. Бақытжан Ілиясованың айтуынша, адами капитал сол жаңғырудың негізі.  

«Кәсіпкерлік қоғадастық елдің жаңғыруына қызығушылық танытуда. Сондықтан, қызметкерлеріміз оқу орындарымен белсенді ынтымақтастық құрып, әлеуемттік әріптес болып, тәжірибе бөлісіп отыр, сонымен қатар заманға сай мамандық таңдауға, таланттыларды анықтауға көмектесіп жатыр. Әдетте жастар болашақ мамандықтарын көпшілікке қарап таңдайды. Ал мамандықты сәнге қарай таңдау қаншалықты саналы қадам? Бұл жерде нарық сұранысы, жұмыс берушілердің мүддесі неге ескерілмейді? Бұған қоса қазіргі мамандықтардың көбі ескіріп, орынан жаңа мамандықтар келуде. Жаңа бағыттар жайында оқушылар бейхабар», – деді Бақытжан Ілиясова.

 Осы бағытта жаңашылдық әкелудің қадамы – мектеп бағдарламасына кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәнін енгізу. Осылайша оқушылар бизнесмен сынды ойлап, жаңа идеяларды іздеп, бизнес-жоспар жазып, бизнестің жаңа тенденцияларын меңгереді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бірлескен жұмысты жалғастыра отырып, Өңірлік кәсіпкерлер палатасы №28 орта мектепте коворкинг-орталық ашпақ, онда балалар бизнесте алғашқы қадамдарын жасайтын болады.

«Әр мектеп түлегі алдында болашақ мамандықты таңдау міндеті тұр. Әлем нарығы көптеген мүмкіндік ұсынып отыр. Осы ретте арнайы дайындықсыз таңдау жасау қиын. Сондықтан біз балаларға дұрыс бағытта таңдау жасауға көмектесеміз», –деді Бақытжан Ілиясова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер