«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Жалпы кездесуде барлығы бірдей мәселесін айта бермейді – Серік Төрегелдин

2018 жылғы 19 Ақпан
- Қарағанды облысы
6374 просмотров

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің басшысы Қарағанды облысының аудан орталықтары мен қалада жиын өткізуді бастады

Өткен аптады Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрағасы Серік Төрегелдин Шахтинск қаласында болды. Жұмыс сапарының мақсаты – кәсіпкерлік сектордағы мәселелерді, атап айтқанда жергілікті бизнесті қалыптастыруға және дамытуға тосқауыл болып отырған әкімшілік кедергілерді анықтау. Шахтинск кәсіпкерлерін салық, тариф белгілеу, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тағы басқа да мәселелер алаңдатаныны белгілі бодлы. Кеңес басшысы бизнестегі жеке мәселелерге қатысты да қабылдау өткізді.

«Жалпы кездесу кезінде барлығы бірдей мәселесін айта бермейді. Сондықтан қосымша жекелеген қабылдау өткізіп, өзекті мәселелерді анықтаймын. Жеке құқықық актілерді  түсіндіремін», – деді Серік Төрегелдин.

Жиын қорытындысы бойынша, айтылған түйткілді мәселелер таяу арада облыстық Кеңес отырсында қаралады, кейбір өтінімдер мен ұсыныстар жоғары деңгейде шешу үшін бақылауға алынады.

Талқылау барысында тариф саясаты, коммерция жер учаскелерін беру, ауылдық жерлер үшін салық салу мәселесін шешу үшін шағын елдімекен пунктерінің мәртебесін анықтау түйткілдері әлі де өзекті екені белгілі болды.

Өз қамдарын ғана емес, халықтың да жағдайына алаңдаған кәсіпкерлер көмірдің бағасының қымбаттығын, өңірдегі ірі өнеркәсіп өндірістерінің орласқандығынан экологиялық ахуалды көтеріп, монополистердің жаңа тарифтерін қарау үшін тәуелсіз сарапшыларды қатыстыру ұсынысын берді.

Кеңес төрағасы аталған мәселелерді шешуге көмектесетінін айтып, уәде берді.

Кәсіпкерлермен кездесу Бұқар жырау ауданы, Сарань, Абай қалаларында жалғасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер