«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Мал шаруашылығы – табысты кәсіп

2017 жылғы 01 Шілде
- Қарағанды облысы
7676 просмотров

Аудан әкімі «Атамекен» ҚР ҰКП жанындағы «Агробіліктілік орталығына» алғыс білдірді

2017 жылдың 16-27 мамыр аралығында Агробіліктілік орталығы Қарағанды облысы Осакаров ауданында шаруалардың біліктілігін арттыру семинарларын өткізді. Семинарлар кәсіпкерлік негіздеріне және мал, өсімдік шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы кооперациясын құру тақырыбына арналды.

Курс аяқталғаннан кейін Осакаров ауданының әкімдігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Агробіліктілік орталығына алғыс білдірді. Аудан әкімі Қайрат Шайжанов жергілікті шаруаларға біліктілік арттырып, білім толықтыруға септігін тигізетін семинарларың маңызы зор екенін ерекше атап өтті.

«Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер арасында түсіндіруге қатысты білім беру курсы жоғары деңгейде әрі сапалы өткізілді. Бұл іс-шаралар бизнес-құрылым мен кооперативтердің санын өсіруге, шаруалық көлемін арттыруға, өндіріс көлемін ұлғайтуға және өнімді өткізуге мүмкіндік береді», – деді Қайрат Шайжанов.

Мұнымен қоса, аудан әкімі берілген білім жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал ететіндігіне үміт артты.

Ұлттық палата жанындағы «Агробіліктілік орталығы» «Атамекен» ҚР ҰКП Съезінің шешіміне 2016 жылдың 16 маусымында ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің арасында білім тараты мемлекеттік тапсырмасын тиімді орындау мақсатында құрылған. Бүгінде Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласымен 217 мың тұрғын айналысады.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер